Тоқаев Украина президентімен кездесу өткізді

0
69

Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Ақорда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

Владимир Зеленский әлеуметтік желіде кездесуге қатысты пікір білдірді.

«Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестім. Қазіргі кездегі басты міндет — сенімді қауіпсіздік кепілдігі бар әділ және ұзақ бейбітшілікке қол жеткізу», — деді Зеленский.
Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен кездескені бұған дейін хабарланған болатын.