Литва президенті қорғаныс министрін қызметінен босатты

Литва президенті Гитанас Науседа оның өтініші бойынша қорғаныс министрі Довиле Шакаленені қызметінен босатты. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.
22 қазанда Литва президенті Гитанас Науседа Довиле Шакаленені қорғаныс министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Хабарламада қорғаныс министрі «конституцияға сәйкес және премьер-министр Инга Ругиньененің ұсынысын ескере отырып» қызметінен босатылғаны айтылған. Ішкі істер министрі Владислав Кондратовичиус Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы болады, делінген хабарламада. Жарлық 23 қазанда күшіне енеді.
Бұған дейін қорғаныс министрі мен премьер-министр Инга Ругиньене арасында қақтығыс туындаған болатын. Оған келесі жылға арналған бюджет жобасында қорғанысқа бөлінген қаржының басқаша бағалануы себеп болды.
Қорғаныс министрі бөлінген қаржының барлығының қорғанысқа жұмсалатынына, ал кейбірінің бір-біріне қатысы жоқ бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалатынына күмән келтірді. Бұл мәлімдемеден кейін Ругиньене қорғаныс министріне деген сенім жоғалғанын хабарлады.
Премьер-министрдің айтуынша, Шакалене қорғанысты қаржыландыруды әдейі жамандағысы келген және бұны «ақтауға болмайды».
21 қазанда Қорғаныс министрі отставкаға кету туралы шешімін жариялады. Алайда Литва президенті одан отставкаға кетуді кейінге қалдыруды сұрады. Литва президенті Гитанас Науседа мен премьер-министр Инга Ругиньене қорғаныс министрі Довиле Шакаленені отставкаға жіберу туралы келісімге келді.
«Іскерлік әңгіме өрбітіп, пікір алмастық, Қорғаныс министрінің отставкасы туралы келісімге келдік. Мен Президентке Қорғаныс министрінің отставкаға кетуіне қатысты ұсынысты жолдаймын», — деді Ругиньене.
