Патриоттық бағыттағы өнер фестивалі өтті

Өскелең ұрпақты өнерге баулу білім бесіктерінде бастауыш сыныптарында басталады. «Тәрбие тал бесіктен» демекші бар игіліктің іргетасы дәл осы кезеңде бастау алмақ. Осы бағытта Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы білім беретін орта мектебінде аудандық білім бөлімінің 05.01.2024 жылғы №11 хатына сәйкес, 1-11-сынып оқушылары арасында «Қазақстан-біздің жалғыз ғана Отанымыз!» атты өнер фестивалы болып өтті. Бүкіл мектеп оқушылары қатысқан шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шараның сахналық безендіруіне ҰП Г.Сидиқова, ҚББП Г.Омарова, Ш.Абдурахманова, М.Сайдазимов, Ё.Тошметов және Тәлімгер Д.Ашурметовалар жетекшілік етті. Білім бесігінің тәлімгерлері де асқан қызығушылықпен шараға атсалысты. Бар өнерлерін ортаға салып көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.
«Қазақстан-біздің жалғыз ғана Отанымыз!» атты өнер фестивалінде оқушыларымыз өздерінің өлендерімен билері, әндері мен көрмелерін әділ қазылар алқасы-төрешілер: Д.Абдурахманова, Х.Абдусаламова және М.Қурбанбаевалар бағалап, олардың еңбегін саралады. Технология пәні мұғалімдері К.Парпиев, Г.Холниязова, Р.Сидиғалиев, Ф.Абдираимова және Н.Махмудовалардың шәкірттері істеген қолөнерлерімен көрмелері бойынша 6-сынып оқушысы Қадиржановтың қөлөнері-ұстазы К.Парпиев, 8-сынып оқушысы Улмасова және Махаммадовалар, 9-В сынып оқушысы Г.Абдуллазизова, М.Адилжановалардың істеген шебершілік бұйымдары-ұстазы Г.Холниязова, 2-сынып оқушысы М.Хайитмурадова, Турдалиевтардың қолөнерлері -ұстазы Р.Сидиғалиевтардың еңбектері жеке назарға алынып, жоғарыдағы шәкірттерінің көрмелері өте жоғары деп бағаланды. Аталмыш көрмеге оқушылардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары қойылды. Онда құрақ көрпеше, заманауи материалдардан жасалған әсем гүлдер, моншақтан жасалған түрлі кәдесыйлар келушілердің назарына ұсынылды. Расында оқушылардың өз қолдарымен жасаған дүниелері нағыз хас шеберлердің туындыларынан да озық деуге болады. Өйткені бірінен бірі өткен керемет дүниелер көздің жауын алардай әсем ақ. Өнер фестивалінің екінші бөлімінде оқушылар әннен шашу шашып, биден жарыс өткізді. Осылайша бар өнерлерін ортаға салды. Өлендер оқып сахналық мәдениеті бойынша додаға түсті. Аталмыш шара бойынша және өнерлері бойынша 5-Б сынып қыздар тобы «Доирангни чал» биін мың бұрала биледі. Ал 7-Ә сыныптан қыздар тобы «Қара жорға» биі, 4-Ә сынып ұлдар тобы биі «Алаш би», 10-Б сынып оқушысы М.Абдужаппарова қазақша биін ортаға салды. Барлық оқушылар нағыз ұстаздан өнеге алып, биді нақышына келтіре биледі. Бұдан кейін 2-А сынып оқушысы Ш.Усманалиева «Ходить наша бабушка» өлеңін нәшіне келтіріп оқыды. 8-Б сынып қыздар тобы Өзбекше биі, 1-А сынып оқушысы Махаммедова «Мустахзод» биі, 2-Б сынып оқушысы Каримжанова «Лазги» биі, 5-В қыздар тобы биі «Синчалак», 9-Б сынып оқушысы Х.Адилбекова биі «Дурдонам», 5-А сынып қыздармен-ұлдар тобы биі «Флешмоб», 6-Б сынып қыздар тобы «Турікше» биі және сахналық мәдениетін көрсете алса, 1-А сынып оқушысы Махаммедова «Мустахзод» биі, 4-Ә сынып ұлдар тобы «Алаш би»-ұстазы М.Абдирасулова және 2-Б сынып оқушысы Каримжанова «Лазги» биі-ұстазы И.Абдихалиқовалардың өнерлерімен сахналық мәдениеті үздік деп табылды. Барлық оқушылар асқан қызығушылықпен қатысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Бұл ретте ұстаздар қауымының де еңбегі зор. Олар әр шәкіртінің өнері ұшталуына барын салып, дайындады. Аталмыш іс-шараның мақсаты — Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу болып табылады. Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау да бар. Алдағы уақытта осы тақылеттес шараларды үзбей әрі ұдайы өткізіп тұру жоспарда бар. Мектеп ұжымы бұл жағынан алғанда асығы алшы. Бұл өз кезегінде оқушылардың өнерін ұштап, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.