«Абайтану» олимпидасында бақ сынайды

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Майлыкент» Жалпы білім беретін мектеп базасында әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен 9-11 қазақ сынып оқушылары арасындағы «Абайтану» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға жалпы Абай қарасөздері мен шығармаларының танымдық-тағылымдық маңызын меңгерген 65 оқушы қатысты. Олимпиада екі айналымнан тұрды. Бір оқушы екі айналымға да қатысты.
Биыл V рет өткізіліп отырған қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» олимпиадасы шығармашыл, дарынды оқушылардың Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің тағылымдық мән-маңызын түсінуде, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, Абайдың әдеби мұрасынан ғибрат алып, өмірде қолдана білуге ықпалы зор екендігін тағы да бір дәлелдеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар 2024 жылдың 22 ақпанында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты-М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға жол сілтеу, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»-Қара сөздің Хан Тәңірісі М.О.Әуезов айтқандай жас ұрпақтың «Абай жолы» роман – эпопеясын, қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығын, ақындық, адами дүниетанымын терең ұғынып ана тіліне, қазақ әдебиетіне құрметтерін, ыстық сүйіспеншіліктерін дамытуда — «Абайтану» олимпиадасының үлесі зор. Оқушының білімі мен біліктілігі сынға түскен өте күрделі олимпиадада Түркістан облысының үздіктері жоғары нәтижеге қол жеткізеді деген үміт басым.