Кітапханада арнайы іс-шара ұйымдастырылды

0
75

 

 

Кітапханада кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға көмектесетін түрлі іс-шаралар өткізіл тұрады. Мысалы, бұл әдеби кездесулер, пікірталас, оқырман үйірмесі, авторлық кештер, кітап көрмелері және әдебиетке қатысты басқа да іс-шаралар. Бұл іс-шаралар жаңа кітаптарды, авторларды және жанрларды таныстырып, оқыған кітаптарды басқа адамдармен талқылауға мүмкіндіктер туғызады. Мұндай кездесулер қызықты болары сөзсіз және әдебиеттегі көкжиектеріңізді кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ рухани ордада бүгінгі күнгі қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға арналған түрлі бағыттағы шаралар да ұйымдастырылады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық кітапханасында арнайы іс шара өтті. Бүгінгі таңда «діни экстремизм» қоғамдағы өзекті тақырып екені баршаға мәлім. Қоғамның ең әлсіз тұсы — дін. Жастарымыздың діни сауаттылығының нашарлығынан, басқа да көптеген себеппен секталарға кіруі, өз дініне қарсы шығуы сияқты жағдайлар қоғамды алаңдатуда.

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп десек, жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақтандыру мақсатында бүгін аудандық орталық кітапханада «Діни теріс ағымдағы ұғымдар-имандылыққа жат ұғым» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға Мақтаарал ауданық орталық мешіттің бас имамы Мұсабеков Нұржан Аманұлы мен кітапхананың тұрақты оқырмандары «Абылайхан ЖОМ» 10-А сынып оқушылары қатысты.

Келген қонақтар тақырып төңірегінде ой өрбітіп, жастар қойған сұрақтарды талқылап, жас ұрпақтың діни тәрбие алуына, дүние танымдық көзқарасының қалыптасуына ақыл — кеңестерін берді.

Іс-шара барысында кітапхана басшысы Ақбаева Гүлмира ханым оқырмандарға Діни теріс ағым жайында өз ақыл кеңестерін айтты Шараға қатысушыларға «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» атты арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.