Шетелдік туристерді тартуға бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленбек

0
91

 

Бүкіл түркі жұрты назар тіккен Түркістан қаласына табан тірейтін соңғы әлетте туристер ағыны артып келеді. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейде туристерді тарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күні кеше

«Kazakh Tourism» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамынының  алаңында Түркістан қаласындағы негізгі туристік объектілердің стейкхолдерлері мен басшыларының бастамасымен трансшекаралық туристік маршруттарды дамытуға және жаңа нарықтардан келушілерді тартуға баса назар аудара отырып, туристік ағындарды ұлғайту мақсатында стратегиялық сессия өтті. Нарық көздері ретінде Ташкент пен Самарқанд бағытындағы туристік ағындар қарастырылуда. Негізінде Түркістандағы тарихи кешендерді көруге өзбекстандықтардың қызығушылығы жоғары. Туристердің басым бөлігі де осы жақтан келеді. Аталмыш кездесуге Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов, «YDA Group» АҚ-ның авиация саласындағы бас директоры және басқарма мүшесі Хамди Гювенч және «Turkistan Silk Way Harbour» (Karavansaray) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Мурат Онан қатысты.

Германия, Түркия, Оңтүстік Корея сияқты нарықтардан шетелдік туристерді тартуға, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленбек. Ол бойынша алдағы уақытта туристер ағыны бұдан да жоғары артады деген сенім басым.