Кинокөрсетілім шарасы өтті

0
87

Жуырда  Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Оңтүстікфильм» мекемесі және Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Балаларға базарлық» атты кинокөрсетілім шарасы өтті.

«Ұлттық кино» жоба аясында өткен шарада «Бала Ахмет», «Көне құмыраның сыры», «Айбынды аула» балалар анимациялық фильмі көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы 150 жас көрермен тамашалады.

Айта кетейік, «Оңтүстікфильм» мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес, алдағы күндері облыстың аудан, аймақтарындағы жергілікті тұрғындарды мәдениет ошақтарына тарту, отандық көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында өткізілетін кинокөрсетілім өз жалғасын табады. «Көшпелі кинотеатр» және «Ұлттық кино» жобаларының негізгі мақсаты өңірімізде дүниеге келген ұлы тұлғаларымыз бен қасиетті мекеніміздегі айрықша жерлерді, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Әсіресе ауылдық елді мекендердегі жергілікті тұрғындарды мәдениет ошақтарына тартуға басымдылық берілу көзделуде. Осыған орай анимациялық фильмдер кинокөрсетілімін Түркістан облысының аудандары мен ауылдық жерлерінен бөлек, көршілес Шымкент қаласы мен Қызылорда және Жамбыл облысында кеңінен насихаттауда, Тарих пен тағылымға бай Түркістан өңірінің əрбір аймағы рухани құндылықтар сабақтастығын ұрпақ баласына аңыз-әңгімелер ғана емес кино жанры арқылы да насихаттап, киелі мекендердің тарихтағы орны мен қадір-қасиетін жаңғырту болашақтың басты талабы болса, соның ішінде Отырар ауданының да үлесі мол. Отыз бабтың ордасы атанып Арыстанбабтың рухы қонған  киелі жер – Əбу Насыр Əл-Фараби мен білімді  шəкірттер тəрбиеленген медресесі, тарихтан дерегін күткен кітапханасы мен қайсар, берік қайратқа ие халқының ерен батырлығының ізі қалған «Отырар төбе» Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалардың өшпес ізді сырын аңғартады.Осы орайда «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясының бірлесуімен «Отырарды қорғау» анимациялық фильмі жəне «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмі, «Көне жетігеннің сыры» 13 сериялы фильмі түсірілсе, «Көне құмыраның сыры», «Отырар дастаны» анимациялық фильмдері жарыққа шыққан болатын. Күнгейдегі тарихи орындар туралы сыр шертетін фильмдер бүгінде қалың көрерменннің оң бағасын алып үлгерді.