Негізгі мақсат – туристер санын арттыру

0
91

 

 

Түркістан 2024 жылы түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Осы мәртебеге орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Емдеу-сауықтыру мекемелеріне орналастыру жоспарын түзетіп, су көздеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу бүгінде басты назарда тұр. Облыстағы туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан туризмнің астанасына айналғандықтан саяхатшылар санын арттыру жұмыстарын күшейтуге басымдық берілуде. Іс-шаралар мазмұнды және жоғары сапалы болуы үшін күш салынуда. Облыстағы минералды және емдік су көздерін зерттеу жұмыстарын жеделдету қажетгі туындап отыр. Бұл туризм саласының дамуына серпін берері сөзсіз.

 

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың айтуынша, өңір басшысының тапсырмасы бойынша облыстық мәдениет және туризм басқармасы Түркістан облысының туризм саласын дамытудың 2024 жылға арналған бағдарламасын әзірлеген. Оған барынша жан жақты талдау жүргізіліп, негізгілеріне басымдық беру жағы қарастырылыған.  Бағдарламаны әзірлеу барысында облыстағы туристік қызмет саласында талдау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар туризм саласының ағымдағы жағдайына SWOT талдау жасалған. Талдау жұмысында туризм саласындағы шетелдік және қазақстандық тәжірибе ескеріліп, тиісті нысаналы индикаторлар белгіленіп, 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – туристер санын арттыру, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, туризм саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау болып табылады.

 

Бүгінгі күнге дейінгі талдау жұмыстарының барысында 2028 жылға қарай облысқа келетін туристер саны 1 миллионды құраса, бір күндік келушілер санын күніне 2,5 миллион адамға дейін арттыру жоспарлануда. Жоспар, жоба бойынша бұл межеге жетудің де ауылы алыс емес.

 

Басқарма басшысы іс-шараларды жүзеге асырудың төрт нүктесіне ерекше тоқталды. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттыру, туризм саласына инвестиция тарту, экологиялық және сауықтыру туризмін дамыту. Бүгінде дәл осы бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе сауықтыру туризміне басымдық беретіндер көп. Сондықтан да Сарыағаш сынды санаторилі өлкеге табан тірейтіндердің қарасы қалың. Сонымен қатар экологиялық туризмді дамытуға ба баса көңіл бөлінуде. Ал облыстағы туризм саласының әлеуеті жоғары екенін бағамдайтындар инвестия салуға құмбыл.

 

Туристік маусымның салтанатты ашылуы 15 наурызға жоспарланған. Оған әлден ақ дайындық басталып кетті. Шетелдік қонақтар келетін айқымды жоба жоғары деңгейде өтуі үшін түрлі жоспарлар дайындалуда. Сондай-ақ жыл ішінде гастрофестивал мен этнофестиваль ұйымдастыру жоспарлануда. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш фестивальдерді биыл ерекше етіп өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды пысықтау үшін халықаралық ұйымдармен және орталық мемлекеттік органдармен байланыс орнатылды. Талдау жұмысында туризм саласындағы шетелдік және қазақстандық тәжірибе ескеріліп, тиісті нысаналы индикаторлар белгіленіп, 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – туристер санын арттыру, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, туризм саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау.

 

Жалпы, департамент 40-тан астам іс-шараны ұйымдастырып, өткізуді жоспарлп отыр. Дәстүрлі «Тұран дауысы» халықаралық қазақ ән байқауы таулы туризм маусымының ашылуына орайластырылып, таулы аймақта өтеді деп жоспарлануда. Ол үшін Төлеби ауданындағы Біркөлік, Қасқасу немесе Түлкібас ауданындағы табиғаты тамаша таулы аумақтар қарастырылуы мүмкін. Шетелдіктерге «бізде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтанып көрсетуге тұрарлық аймақтар Түркістан өңірінде жетерлік. Қатысушы мемлекеттердің санын 20-ға жеткізу көзделуде. Бәлкім одан да асып кетуі әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде туризм саласының дамуына серпін берері сөзсіз.