Жетісайлықтардың жетісітігі зор

Жаңа жыл басталғалы жетісайлық спортшыларға жемісті болып тұр. Жетісайлық спортшылар жыл басынан бері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қанжығалары майланып жүр. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Жетісай қаласында грэпплинг күресінен (AIGA нұсқасы) балалар мен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Түркістан облысы кубогы спорттық іс шарасында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарысқа қатысқан спортшылар боз кілемнің бойында спорттық шеберліктерін көрсетіп сынға түсіп, жарыс нәтижесі бойынша жалпы 9-алтын, 6-күміс, 11-қола медальдармен және арнайы диплом, кубоктармен марапатталды.
Спортшылардың жаттықтырушылары: Б.Сейтхал, Ж.Әлимса, Н.Бектөреевтердің еңбектері зор. Төгілген тер ақталды. Шәкірттері жаттықтырушыларының еңбегін жоғары бағалап отыр. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының спортшылары комбат спортынан өткен чемпионаттан жүлдемен оралды. «Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери — жауынгерлік өнері. Жекпе-жек өнерінің дүние жүзінде сан түрлі атауы, ережесі, ерекшелігі бар. Өзбекстан Республикасы Жыззак облысында, атауымен ерекшеленген спорттың «Усманов комбат Системес» атты Жыззақ облысының ашық чемпионатына Жетісай ауданының бір топ спортшылары қатысып келді. Көршілес елдің чемпионатында әділ жеңісті мақсат еткен ауданның спортшылары сынды бәсекеде әр түрлі жас ерекшіліктер бойынша өз өнерлерін көрсетіп жақсы нәтижелермен оралды. I орын 80 кг салмақта Беркинбаева Аружан, I орын 60 кг салмақта Ботпайбек Гүлназ, I орын 70 кг салмақта Ментбек Азамат, I орын 54 кг салмақта Акмурадов Салимбай, I орын 37 кг салмақта Алимкул Куаныш, I орын 35 кг салмақта Нарматов Шербек
I орын 35 кг салмақта Бегимкул Аскар, I орын 25 кг салмақта Исатай Қасымхан, I орын 38 кг салмақта Нұрман Олжас, I орын 42 кг салмақта Бақыт Әли, II орын 25 кг салмақта Тұрысбек Ерасыл, II орын 42 кг салмақта Еркебай Саян, II орын 35 кг салмақта Базарбай Бейбарыс, II орын 62 кг салмақта Наурызбай Озат, II орын 28 кг салмақта Әвесхан Нұрасыл, II орын 64 кг салмақта Нұржигит Алиби
Жаттықтырушы Түркістан облысының жекпе-жек спортының аға жаттықтырушысы Азиз Анетов. Жаттықтырушы шәкірттерінің жоғарғы нәтижеге жеткеніне қуанулы. Сонымен қатар, Жетісай аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылында еркін күрестен 2009-2010, 2011-2012, 2013-2014 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен спорттық іс шараға қатысып келді. Жасөспірім палауандар кездескен жарыста, жарыс ережесіне сәйкес спортшылардың жас ерекшіліктері және белгіленген салмақтары бойынша жүлделі орындардың жеңімпаздарын анықтау сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша ауданымыздың спортшылары төмендегідей жүлделі орындарға қол жеткізді.
I орын Орынбай Сырым, II орын Пардабай Нұрасыл
III орын Сүйіндік Бағлан. Еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылары Ж.Сламов, И.Косимовтардың еңбегі зор. Соңғы жылдары жетісайлық спортшылар белбеу күресінен де жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Жетісай аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Успанкүл Мерей Нұржанқызы,
2024 жылыдың қаңтар айының 19-21 күндері аралығында Түлкібас ауданы Т. Рыскұлов ауылында өткен белбеу күресінен ерлер мен әйелдер және 2009-2011 ж.т кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Түркістан облысының чемпионатына қатысып келді. Спортта жеңіске жету- әр бір спортшы үшін басты мақсат! Ауданның спортшысы сұлу да сымбатты ару 44 кг салмақтағы Успанкүл Мерей Нұржанқызы чемпионат ережесіне сәйкес белгіленген салмақта сынға түсіп жүлделі I орын жеңімпазы атанып алтын медальмен марапатталды. Осы орайда айта кетейік белбеу күресінен ауданымыздың үздік спортшысы Успанкүл Мерей Нұржанқызы 2023 жылдың шілде айының 13-16 күндері аралығында, Астана қаласында «Аспан» спорт кешенінде өткен, 2008-2010 ж.т. және кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен Қазақстан Респуликасының чемпионатының 40 кг салмақтағы жүлделі I орын жеңімпазы атанған еді. Спортшының жаттықтырушысы: Маханбетов Бауыржан Примкұлұлы. Жетісай ауданының мәденеиет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары Успанкүл Мерей Нұржанқызын белбеу күресінен иеленген жүлделі I орнымен құттықтап шықты. Сондай-ақ спортшымызға 2024 жылдың қаңтар айының 25-26 күндері Астана қаласында белбеу күресінен өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңімпаз болуына сәттілік тіледі. Жетісайлықтар қол жеткізген жетістік мұнымен де шектелмейді. Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бір топ спортшылары, 2024 жылдың қаңтар айының 19-21 күндері аралығында Шымкент қаласында еркін күрестен өткен Шымкент ТОО «БИІК» компаниясының 35 жыл толуына орай 2010-2011, 2012-2013, 2013-2014 ж.т жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық турнирге қатысып келді. Спортты жандарына серік еткен ауданымыздың жасөспірім спортшыларымыз спорттық іс шарада жақсы нәтижелер көрсетті. Турнирдің ережесіне сәйкес белгіленген салмақтарда жас палуандарымыз төмендегідей жүлделі орындардың жеңімпаздары атанып, арнайы дайындалған диплом,медаль және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаз спортшыларымызды атап айтсақ: І орын 51 кг салмақ дәрежесінде Ерлесбай Ерәбіл, ІІ орын 57 кг салмақ дәрежесінде Тулеген Аманжол, ІІІ орын 22 кг салмақ дәрежесінде Қали Алихан, ІІІ орын 29 кг салмақ дәрежесінде Қанай Бегарыс, ІІІ орын 32 кг салмақ дәрежесінде Анас Мұқағал, ІІІ орын 38 кг салмақ дәрежесінде Дәулетбек Шерхан. Жаттықтырушылары А.Ахметов және М.Әбдішайх шәкірттерінің еткен еңбектерін ақтағанына қуанышты екендігін жеткізді.