Ұлттық құндылық – тәрбиенің түп қазығы

0
219

 

 

Бүгінде Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда мәдени іс шаралар легі жалғасын табуда. Жас өскіндерді ұлттық тәлім тәрбиеге сусындатып өсіру мақсатын көздейтін мәдени жобалар бұл жолы Түлкібас ауданында жалғасты.  Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдіскері Ж.Буралхиеваның ұйымдастыруымен «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» МКҚК базасында «Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында аудандық мәдени ақпараттық-оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара барысында жалпы балабақшаның педагогтары, тәрбиешілері және ата-анамен жұмыс барысы көрсетілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Буралхиева Жұлдыз, мобильді топ мүшелері Лепесханова Роза, Төлемісова Ақерке, балабақша тәрбиешілері, аудан орталығындағы мектептердің МАД тобының тәрбиешілері қатысты. Семинарда психолог Тұткышбаева Г. семинарға келген қонақтармен «Бір шаңырақ астында» тақырыбында тренинг өткізді. «Көжек» тобының тәрбиешісі Абдурахманова М. «Үй жануарлары», «Марғау» тобының тәрбиешісі Оразбаева М. «Әжеге қонаққа барамыз», «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Бегжанова Ж. «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері», «Орленок» тобының тәрбиешісі Куликова О. «Зимняя одежда», музыка жетекшісі Ахметова А. «Құралай» тобының тәрбиеленушілерімен «Құстар үні», «Ботақан» тобының тәрбиешісі Бижанова А. «Қыс қызығы», «Пчелка» тобының тәрбиешісі Асланова З. «Путешествие в зимний лес», дене тәрбие нұсқаушысы Оспанова С. «Еңлік» тобының балаларымен «Дені сау бала — болашақ жемісі», «Құралай» тобының тәрбиешісі Исманова И. «Қазақтың ұлттық ойындары», тәрбиеші Үсенова Д. «Ата-анамен балабақша ынтымақтастығы» тақырыбында «Қонжық» тобының ата-аналарымен және келген қонақтармен шебер — сынып өтті.

Балалар ұйымдастырылған іс-әрекетке белсенді қатысты, тәрбиеші мен мамандар өз мақсатына жетті, ҰІӘ құрылымы, көрнекіліктер, балалар мен қатысушыларға арналған тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай болды. ҰІӘ барысында ақпараттық технология (флипчарт сабақтардың) элементтері, эксперименттік жұмыстар, ұлттық құндылықтар бойынша материалдар кеңінен қолданылды.

Семинарға қатысқан қонақтар өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті, балабақша әкімшілігіне және барлық педагог-тәрбиешілердің жұмыстарына сәттілік тілеп, қоржындарын алған тәжірибелерге толтырып бара жатқандарын жеткізді.