Музейдегі бір күн танымдық-семинар өткізілді

0
97

 

 

Жуырда  Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, тарих-география пәндерінің әдіскері Даулетқали Мархабатұлының ұйымдастыруымен Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Музейдегі бір күн танымдық-семинар-сапар» тақырыбында семинар өткізілді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты Музей мен тарихи орындарда тарих сабақтарын өткізу, әдістемелік көмектер көрсету және бағыт-бағдар беру болып табылады.

«Ақсу – Жабағылы қорығы» мен Ә.Молдағұлова мектебінің басшылары арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылған «Ақсу құз шатқалының 3D бейнесі» танымдық бұрышы таныстырылып, қорыққа қатысты мәліметтер берілді. Мектептің пән мұғалімдері «Ақсу-Жабағылы қорығының» ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп айналысып жатқан ғылыми жоба жұмыстары бойынша презентациялар ұсынды.  Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылында таңдап алынған таңдап алынған ғылыми жоба тақырыптары таныстырылды.

Семинар барысында Әл-Фараби, А.Макаренко, И.Рыбалко және Ұрбұлақ мектептеріндегі музейлердің жұмысына тоқталып, Еліміздің, тарихын келешек ұрпаққа жеткізу, жастардың бойында ата-баба тарихына, қазақ халқының салт- дәстүріне, әдет-ғұрпына қызығушылық сезімін ояту, оларды музейдің тұрақты келушісіне айналдыру мақсатында мектептердегі музейде ауқымды жұмыстар жүргізілуі қажет екендігі ескеріліді. Семинар соңы «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорық» мұражайында жалғасты. Атақты Ақсу Жабағылы қорығының музейіндегі жәдігерлер әр алуандығымен қызықтырады. Қорықтың тарихы туралы сыр шертіп, өңірде табылған түрлі жәдігерлері де саналуан.