Шеберлік сабағы өтті

0
77

 

 

Әлемге әйгілі спортшылардың басым бөлігі ауылдан шыққаны белгілі. Әбден жаттығып, спорттық биік жетістікке жеткен дарабоздар бүгінде туған ауылдарына меценаттық жасап жүр. Бірі спорт сарайын салып берсе, енді бірі тәжірибесімен бөлісіп, қолынан келген көмегін аямауда. Жуырда Түркістан облысы Отырар ауданында Қазақ күресінен, дзюдо күресі, белбеу күресі, самбо күрес түрлерінен шеберлік сабағы өтті. Отырар ауданынан шыққан атақты балуандар шақырылып мол тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі — Дархан Төрәділұлы. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен ҚР чемпионатының бірнеше дүркін түйе балуаны, самбо күресінен спорт шебері, ҚР чемпионатының чемпионы, Әлем кубогының қола жүлдегері. Бұдан бөлек, Қайрат Пазылбеков те қатысты. Белбеу күресінен Азия чемпионы. Қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР чемпионатының чемпионы, Самбо күресінен ҚР чемпионатының чемпионы, самбо күресі және қазақ күресінен спорт шебері, қазақ күресінен ҚР төрешілер алқасының төрағасы, Түркістан облысының аға жаттықтырушысы. Әйтімбетов Данияр — қазақ күресі және самбо күрестерінен ҚР чемпионатының чемпионы. Қазақ күресі және самбо күрес түрлерінен спорт шебері. Дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші.Түркістан облысының аға жаттықтырушысы.

Төребеков Бақытжан — Дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Дзюдо күресінен дүниежүзілік универсиаданың күміс жүлдегері.Түркістан облысының дзюдодан аға жаттықтырушысы.

Өскенбаев Аманхан — Самбо күресінен ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Самбо күресінен Азия чемпионатының жүлдегері.Қазақ күресі,самбо күресі,дзюдо күресі,белбеу күрес түрлерінен спорт шебері.Самбо күресінен ҚР жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы. Сейітбеков Дәурен — Самбо күресінен Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы. Тұрмаханбетов Қалмұхан — Белбеу күресінен екі дүркін Әлем чемпионы. Белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Осындай айтулы балуандар спортшылармен шеберлік сабағын өткізді. 200 -ге тарта жас споптшылар қатысты. Атақты спортшылар мен жаттықтырушылар келгегеніне әсіресе балалар қатты қуанды. Олардың әрбір айтқан әңгімесін қалт жібермей тыңдап, көрсеткен айла тәсілдерін жаттап алуға тырысты. Осындай керемет кеш ұйымдастырып берген ағаларына алғыстарын жаудырды. Алдағы уақытта тағы да тәлімі мол, тағылымды кештерді көптеп өткізсе деген тілектерін жеткізді. ҚР чемпионының жеңімпаздарымен жүлдегерлері қатысты. Сонымен қатар, Түркістан облысы Отырар ауданының номері бірінші спорт мектебінің директоры Ташов Ермек және Отырар спорт клуб директоры Сарсенбаев Жұмабай алығыстарын айтып сый сияпатын табыстады.