Теріскейлік таланттар топ жарды

0
88

 

 

Теріскейде түлеп ұшқан таланттар жетерілік. Созақтан шыққан дарабоздар мен дүлдүлдердің орны бөлек. Жыл сайын Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының спорт саласындағы жетістіктері жоғарылап келеді. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Созақ спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  жеткен жетістіктерін саралап өтсек, Клубта спорттың 8-түрін дамытып келеді, футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, белбеу күресі, грэпплинг, тоғызқұмалақ, шахмат түрлері бойынша ауданның жастары және жасөспірімдері шұғылданып келеді.

Ашылғанына бір жылдың жүзі болсада толағай жетістікке жетуіне бірден-бір себепкер адам білікті басшы — Бекқұлы Талғат Нағиұлы басқарып келеді.

Мұнда ауыспалы түрде 12 ауыл акімшіліктерінен 713 шұғылданушы тіркелген, 470-ересектер болса 243- жасөспірімдер. Түркістан Облыстық ашық біріншіліктерде 4-куміс, 1-қола, Облыстық спартакиадаларда 4-алтын, 2-күміс,7-қола, Республикалық турнирлерде 1-алтын, 1-күміс, Қазақстан Республикасының кубогінде 1-алтын, 3-күміс,3-қола, Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-алтын, 2-қола, Әлем кубогінде 1-алтын.

Әлем чемпионатында 3-қолаға қол жеткізді. Созақтық дүлдүлдер мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Алға қойған меже жоғары. Соған орай жетістіктер де толағай болмақ деген сенім басым. Әсіресе ауданда волейбол спорт түрімен шұғылданушылар қатары көп. Жуырда Созақ спорт клубының волейболдан ашық біріншілігі өткен болатын, жарысқа ауданнан 12 команда қатысып өзара мықтыны анықтады, аталған жарыста Үздік шыққан командалар,

І-орын Таукент командасы,жаттықтырушысы Абиев Ержан, ІІ-орын Құмкент командасы, жаттықтырушысы Конысов Ергали, ІІІ-орын Қарақұр командасы, жаттықтырушысы Өсімханұлы Мағауия. Орын алған командаларға ұйымдастырушылар атынан арнайы кубок, медаль, дипломдармен марапатталды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың қаңтар айының 20 — күні Тоғызқұмалақтан оқушылар арасында Созақ ауданын ашық біріншілігі өтті.

Біріншілікті Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Тоғызқұмалақтан қыздар арасында спорт клубының тоғызқұмалақ бөлімінің оқушысы Сәтбай Ақбаян жүлделі ІІІ-орынға ие болды, жаттықтырушысы Салман Аида. Ұлттық ойынымыздың бірі Тоғызқұмалақты жоғарғы деңгейде дамуына үлес қосып жүрген жастар мен жаттықтырушыларына алдағы уақытта да жоғары нәтиже көрсетеді деген сенім білдірді.  Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың қаңтар айының 19-21 күндері Белбеу, Күраш күресінен ерлер мен әйелдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа ауданның намысын қорғап Созақ спорт клубы «Белбеу күресі» бөлімінің балуандары барған болатын, Белбеу күресінен және Күраш күресінен 68 кг салмақ дәрежесінде Өмірзақ Ердәулет екінші орын алса,

66 келі салмақта Күраш күресінен Сиязбек Талғат жеңімпаз атанды,

82 келі салмақта дәрежесінде Дамен Дәурен Белбеу күресінен және Күраш күресінен жеңімпаз атанды, 90 келі салмақта Ерғали Нұржан Белбеу күресінен екінші орын алды. 100 келі салмақ дәрежесінде Белбеу күресінен Тұрсын Бақберген жеңімпаз атанса, Жақаев Аслан Күраш күресінен жүлделі екінші орын алып 23-25 қаңтар Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды, Белбеу бөлімінің жаттықтырушысы Садуакасов Женис бастаған балуандарға Астана қаласында өтетін ҚР-ның чемпионатында қанжығалары майланады деген сенім басым. Созақтық спортшылар биыл да жоғары жетістік үшін барын салады деген үміт көп.