Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтаған кеш өтті

0
288

Бүгінгі таңда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы тұлғаларын дәріптеуге арналған шаралар ұйымдастырылуда. Күні кеше ауданға қарасты Үшбұлақ ауылдық кітапханасында жыл таңдауы – 2024 «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Өзгеше ойлы қаламгер» тақырыбында ауқымды шара өтті. Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл – 100 жыл толады. Осыған орай классиктің туындылары кеш қонақтарына таныстырылды. Оның өміршең шығармалары әлі күнге дейін сұранысқа ие. Шараның басты мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Қазіргі заманда оқуға деген қызығушылық бәсеңсіп, жастардың жаппай интернетке иек артуы белең алғанда, «Бір ел-бір кітап» акциясы оқу мәдениетін қалыптастырып, қазақ классиктерінің кеңінен насихатталуына бірден бір жол салды. «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді. Бұдан бөлек, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары таңдалуына орай Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық кітапханасында “Жыл кітабын бірге оқиық” атты кітап көрме ұйымдастырылып танымдық сағат өтті.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

 

Іс-шараға қатысқан әжелер алқасы акцияның бастауына ақ жол тілеп, баталарын берді. Бұдан кейін Қазығұрт ауданы Шанақ ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушыларының бірі Әбілхан Қастеевке 120 жыл толуына орай «Өнер жолындағы өмір» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Ә. Қастеевтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен насихаттау.

Суретшінің туындылары: «Қарындастың портреті», «Түрксіб»,» Жамбылдың портреті», «Амангелді сарбаздар» т. б суреттер дарынды суретшінің қылқаламынан туындаған. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық кітапханасында «Түркістанның таңдаулы туындысы — 2024» акциясы аясында өлкемізден шыққан ақын Нармахан Бегалыұлының шығармалары таңдалуына орай «Өлкеміздің талантты тумасы» атты тақырыпта әдеби жыр кеші өткізілді.

Мақсаты: жастарды ақынның шығармаларын насихаттау, кітап оқуға баулу, тілдік қорын дамыту. Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Кешке кітапхана оқырмандары қатысты. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы Тесіктөбе ауылдық кітапханасында жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жаратылысы бөлек тұлға — Саттар Ерубаев» атты әдеби вернисаж өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға жазушы Саттар Ерубаевтың қысқаша ғана ғұмырында бірнеше шығарма жазып қалдырғаны, ұрпаққа мұра етіп қалдырғанын айтып өту, өнегелі өмірін үлгі ету.

Іс-шара барысында жазушының өлең-жырлары, әңгімелер мен шығармаларына библиографиялық шолу жасалынды. Бұдан кейін, Қазығұрт ауданы Алтынтөбе 1 ауылдық кітапханасында жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың Саттары»атты әдеби вернисаж өткізілді.

Мақсаты: Саттар Ерубаев туралы еңбек жолы мен өнегелі өмірі жайлы оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларымен таныстыру және оқушыларға Саттар Ерубаевтың қысқаша ғұмырында көптеген шығарма жазып қалдырғаның айтып өту, өнегелі өмірін үлгі ету.

Саттар Ерубаев әдебиет аламанында қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен асыл жастардың бірі болды. Бұдан соң, Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жұлдыздай аққан жас қыран» атты әдеби круиз өткізілді.

Мақсаты: Саттар Ерубаев туралы еңбек жолы мен өнегелі өмірі жайлы оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқыту, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында оқушылар алған әсерлерін ортаға салып ой бөлісті. Қызығушылық танытып, көкейлерінде туындаған сұрақтар қойып, тиянақты жауап беріп, өз белсенділіктерін көрсетті.

Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық кітапханасында жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Дархан дарын иесі-Саттар Ерубаев» атты әдеби подиум өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға жазушы Саттар Ерубаевтың қысқаша ғана ғұмырында бірнеше шығарма жазып қалдырғаны, ұрпаққа мұра етіп қалдырғанын айтып өту, өнегелі өмірін үлгі ету.

Іс-шара барысында жазушының «Менің құрдастарым» романына және өлең-жырлары, әңгімелер мен шығармаларына библиографиялық шолу жасалынды.

Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық кітапханасында «Өлкеміздің қарымды қаламгерлері» жобасы аясында, жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының 65 жасқа толуына орай, «Туған елінің қазынасын қастерлеген жазушы» атты тақырыпта танымдық кеш өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға жазушы Момбек Әбдәкімұлы туралы мағлұмат беру . Оның кітаптарын оқырман қауымға кеңінен насихаттау. Сондай-ақ өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, патриоттыққа, отансүйгіштікке баули отырып, оларды туған елінің тарихын білуге, оны қадірлеп — қастерлеуге тәрбиелеу.

Кеште кітапханашы жазушының шығармашылық қызметімен таныстыра отырып, оның «Зобалаң» атты кітабының ең өзекті тақырыбы 1930- 33 жылдар аралығындағы қазақ елін жаппай шарпыған ашаршылық туралы айтылғанын жеткізді.