Мерекелік концерт өтті

0
82

 

 

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында «Өрісі кең өнер ұжымы» атты аудан тұрғындарына арнаған мерекелік концерт өтті. Облыс орталығынан шалғайда жатқан аудан орталығының тұрғындары аталған мерекелік концертті қызыға тамашалады. Жетісай аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары өткен жылы атқарған шығармашылық жұмыстарын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырған. Репертуары халықтық әнге бай өнер ұжымы заманауи әндерді де ұмытпады. Әншілермен бірге көрермендер де қосыла ән шырқады. Хор ұжымы, ұлт аспаптық оркестр, жеке орындаушылар өз репертауларындағы ең керемет әндерді паш етті. Өнер арқылы халыққа рухани азық беріп, ауданның мерейі мен мәртебесін тасытып жүрген көркемөнерпаздар ұжымдарының концертін Жетісай ауданының әжелер алқасы, «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ардагерлері, мәдениет саласы қызметкерлері мен қала тұрғындары тамашалады. Олардың өнерлеріне ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тілеп қайтты.