Жетісайлықтар жүлдемен оралды

0
160

 

 

Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жасөспірім спортшылары 2024 жылдың қаңтар айының 25-28 күндері аралығында Мақтаарал ауданында өткен, грек-рим күресінен 2007-2009, 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының чемпионатына қатысып келді. Жетісайлық жасөспірімдер аталған сайысқа мықты дайындықпен барды. Дәл осы спорт түрі Жетісай ауданында джақсы дамып келеді. Жасөспірімдер осы спорт түрінен жақсы нәтиделерге қол жеткізуде. Әрі қызығушылықтары да жоғары. Облыстық чемпионатқа қатысқан ауданның спортшылары жақсы нәтижелер көрсетіп, белгіленген жас ерекшіліктер бойынша жүлделі орындарға қол жеткізді.  Мәселен, 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы жарыстарда  I орын 60 кг салмақта Орынбасаров Данияр, III орын 71 кг салмақта Қадір Дінмұхаммед, 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасындағы жарыстарда, II орын 110 кг салмақта Еркінбай Нұртасхан, III орын 62 кг салмақта Романқұл Бекжан, III орын 110 кг салмақта Бақытбек Шыңғысхан. Осылайша жарыста жақсы ойын өрнегін көрсеткендер жүлделі орындарға қол жеткізді. Ал чемпионаттың жалпы қорытындысы бойынша Орынбасаров Даниярға және Еркінбай Нұртасханға Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға жолдамалар табысталды. Аталған жарыс барысында екі оғлан да жетісайлықтардың мерейін өсіретініне сенім мол.

Жаттықтырушылар — Қ.Сүлейменов, А.Молдаханов, А.Бердияровтар Е.Көпбай ,М.Оспантаев шәкірттерінің жүлдесіз қайтпағанына қуанулы. Бұдан кейін, Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жуырда еркін күрестен өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады. Ауданның бір топ спортшылары 2024 жылдың қаңтар айының 26-28 күндері аралығында Төлеби ауданы, Ленгір қаласында еркін күрестен 2009-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткен Түркістан облысының чемпионатына қатысып келді.  Облыстық чемпионаттың боз кілеміне 300-ге жуық жас палуандар жиналды. Чемпионат ережесіне сәйкес белгіленген жас ерекшеліктер бойынша жеңімпаздар анықталды. Спорттық іс шарада № 2 БЖСМ спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізіп,жүлделі орындардың жеңімпаздары атанды,сондай-ақ командалық есепте спорт мектептерінің арасында жүлделі I орынды иеленіп арнайы кубок пен марапатталды.  Атап айтар болсақ: І орын 44 кг салмақ дәрежесіндегі Машрапов Сардор, І орын 75кг салмақ дәрежесінде Алимхан Асылхан, І орын +85 кг салмақ дәрежесінде Шардарбек Абылайхан, ІІІ орын 52 кг салмақ дәрежесінде Ерлесбай Ерәбіл, ІІІ орын 68кг салмақ дәрежесінде Уркимбай Жасұлан.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Машрапов Сардор, Алимхан Асылхан, Шардарбек Абылайханға жуырда сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдамалар табысталды.

Жаттықтырушылар: А.Айдарбеков, Е.Аққұлы, А.Ахметов, М.Әбдішайх