«Тәрбие – тал бесіктен» атты тәрбие сағаты өтті

0
254

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында жастарға тәрбиелік мәні бар мәдени іс шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Болашақтың жарқын болуы жастардың қолында. Демек олардың тәрбиесіне ббүгіннен бастап мән беру қажет. Осы орайда №11 «Жолбасшы» жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Тәртіп — тәрбие бастауы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда түрлі мәдени шаралар орындалды. Яғни,  «Тәрбие тал бесіктен» атты көріністен басталды. Ролдерді сомдаған Әже ролінде кітапханашы Г.Сарсенова, баласы Н.Өскенбай, келіні А.Айтбекова, Немерелері Ж.Шәкір, Ә.Манап мұндағы бір отбасының күнделікті бір-бірімен қарым-қатынасы, үлкен анасының балаларға берген ақыл-кеңесі баяндалады. Бүгінгі заманауи отбасының бір күндік өмірі талайларға ой салды. Әже мен немере арасындағы қатынас, келін мен ене қатынасы бәрі де тәрбиеге тұнып тұр.

«Тәртіп-тәрбие бастауы» атты слайд арқылы баяндама жасап осы туралы пікір алмасты. Келген оқындар өз ойларымен бөлісті. Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Тал бесіктен бастап баланың тәрбиесі мықты болуына мән берген. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл — ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.

Халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс. Мұндай мәдени шараларды өткізудегі басты мақсат — Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, отбасының баларына қарым-қатынасы халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын оқушылардың бойына сіңдіру, соған сай мінез — құлқын қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің қайнар бұлағы саналар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.