Ақындар аллеясын аралады

0
81

 

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық кітапханасында Ордабасы ауданының 60 жыл толуына орай оқырмандарға ақын-жазушылардың шығармалары арқылы әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ақын жазушылар аллеясына саяхат» жасалды. Мұндай мәдени шаралар оқушылардың дүниетанымын арттыру үшін, ұлы тұлғалардың өмірінен таныс болуы үшін ұйымдастырылып отырады.

Ақындар аллеясы – ақын-жазушыларға арналған ескерткіштер кешені, тарихи-мәдени мұра. Темірландағы аудандық Мәдениет сарайының алдына орнатылған. Өлкемізде туып өскен ақын-жазушылар Майлықожа Сұлтанқожаұлының, Нұралы Нысанбайұлының, Орынбай Тайманұлының, Бейсенбай Кенжебаевтың, Өтебай Тұрманжановтың, Көпбай Омаровтың, Қосжан Мүсіреповтің мүсіндері қойылып, аты-жөні, өмірге келген және дүниеден озған жылдары көгілдір мәрмәрға ойып жазылған. Мәрмәр тақтада Ескерткіштер «Ордабасы оттары» газеті жанындағы Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет-өнер бірлестігінің тапсырысы бойынша жасалған. Мүсіншісі Кенжебаев 1991 жылы мамырда «№2 ЖМК құрылысшылары орнатқан» деп көрсетілген.

«Ақындар аллеясының» ашылуына аудандық «Ордабасы оттары» газетінің редакторы бұрынғы , ақын Нармахан Бегалыұлы ерекше еңбек сіңірген болатын. Оқуышлардың дүниетанымын кеңейту үшін алдағы уақытта мұндай бағыттағы мәдени шаралар жалғасын табатын болады.