«Талант табиғаты» атты дөңгелек үстел өткізді

0
88

 

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Қошқарата ауыл округіндегі   Бесқұбыр ауылдық кітапханасы Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен. бірлесе отырып Қазақстанның халық артисі Сәбира Майқанованың. 110 жылдығына орай «Талант табиғаты» атты дөңгелек үстел өткізді. Қазақтың бір туар қайраткер қызы, тамаша актриса қазақ киносының дамуына да мол үлес қосқан. Одан бөлек, театр өнеріне де қосқан үлесі қомақты. Іс шарада артист Сәбира Майқанованың өмірі, қызметі жайлы мағлұмат берілді. Сұрақ жауаптар болды мектеп оқушылары өз ой- пікірлерімен бөлісті, мәдениет үйі қызметкерлері қатысушыларға әндер тарту етті.

Іс шараны өткізудегі мақсат қазақ өнерінде өзіндік орны бар Сәбира Майқанованы кеңінен таныстыру, өнердегі еңбегін бағалау және дәріптеу. Бұдан бкейін, Келес ауданындағы Бекбота ауылдық кітапханасында

Әйтеке Байбекұлы (1644-1700) -қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері туралы арнайы кеш ұйымдастырылды. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есімхан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Бекбота ауылдық кітапханашысы ұйымдастыруымен №61 Абай орта мектебінің кітапханасында «Шешендік шайыры» атты тарихи – мәдени сағат ұйымдастырылды. Өмірі мен шешендік қасиеті жайлы оқырмандар мағлұмат алды. Кітапханадағы қолда бар кітаптармен ашық кітап көрмелер жасалып таныстырылды.

Мақсаты: қазақтың сөзге шешен, дарынды, орақ ауыз, от тілді алты алашты аузына қаратқан абыз аты аңыз тұлғаларды дәріптеу.

Бұдан кейін, Бірлесу ауылдық округі 28 гвардия ауылдық кітапханашысы №34 А.Байтұрсынов мектебінің кітапханасында Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай “Шығыс шынары” атты тақырыпта еске алу сағатын өткіздім. Кеште Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы видиоролик көрсеттім, және ”Шығыс шынары” атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырдым. Келес аудандық Абай ауылында орналасқан » Сатыбалды Иманберді атындағы орталық мешітінде» Ашық кітапхана «жобасында ашылған кітапхана пункті өз жұмысын жалғастыруда. Кітапхана ға келген ауыл тұрғындары мен мешітке келушілерге жаңа түскен әдебиеттермен таныстырылып, келген оқырмандарға қызмет көрсетілуде. Келес аудандық Абай ауылында орналасқан » Сатыбалды Иманберді атындағы орталық мешітінде» Ашық кітапхана «жобасында ашылған кітапхана пункті өз жұмысын жалғастыруда. Кітапхана ға келген ауыл тұрғындары мен мешітке келушілерге жаңа түскен әдебиеттермен таныстырылып, келген оқырмандарға қызмет көрсетілуде. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі — білім қазынасы. Ол ұрпақтан — ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тыйылсақ ой ойлаудан да тыйылар едік» деген Ғабит Мүсірепов.

Бұдан кейін, Бекбота ауылдық кітапханашысы ұйымдастыруымен кітапханаға келіп түскен жап жаңа кітаптармен таныстыру, дәріптеу мақсатында, «Жақсы кітап — жан азығы» атты жаңа кітаптарға шолу жасалып, таныстырылды. Мектеп бітіруші оқырмандарға әдеби кітаптар ұсынылса, бастауыш сынып оқырмандарына балаларға арналған ертегілер ұсынылды.

Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды естен шығармайық. Ақын Нұрмахан Назаровтың мына өлең шумақтарымен аяқтауды жөн санадық. Кім байлыққа құнығады, кім таққа

Тірлік мәні даналықта — кітапта!

Артық дәулет бермесеңде ей, өмір

Ақыл менен парасаттан жұтатпа!

Бұдан соң, Қошқарата ауыл округіне қарасты 1 Мамыр ауылдық кітапханасында №23 1 Мамыр жалпы орта мектебінің жастарымен қысқа ғана ғұмырында шоқ жұлдыздай еліне сәулесін төгіп өткен ақынн Саттар Ерубаевтың 110 жылдығына арналған»Дархан дарын иесі» атты тұлғатану сағаты болып өтті. Шарада кітапхананың тұрақты оқырманы Жәділ Мадина ақынның «Достық жыры»атты өлеңін мәнерлеп оқып берді . Іс -шараны өткізудегі мақсат артында өшпес мұра қалдырған қазақтың біртуар талантты ұлы Саттар Ерубаев өмірі мен шығармашылығы туралы жастарға мағлұмат беру, өнегелі өмірін үлгі ету. Ақынның жыр шумақтарын оқу арқылы ой- өрістерін, сөйлеу мәдениеттерін дамыту болып табылады. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы мәдени шаралар жалғасын табатын болады.