Әдеби-мәдени іс шаралар өткізілді

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында мәдени іс шаралар өткізуде асығы алшы. Әрдайым өнер ұжымдарының концерті мен кітапханаларда мәдени іс шаралар легі толастамайды. Жуырда яғни, қаңтар айының 26- жұлдызында Келес аудандық кітапханасының оқу залында Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арнап «Қылқаламның қас шебері» атты танымдық сағаты болып өтті. Шараға Мәдениет қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Қазақ сурет өнерінің негізін қалаушылардың бірі, керемет суреттерімен талайларды таң қалдырған қылқалам шебері атындағы Алматыда музей бар. Онда Әбілхан Қастеев атындағы арнайы зал бар. Онда суретшінің шебер қолынан шыққан шедеврлерінен топтама жасақталған. Шарада кітапханашы Әбілхан Қастеевтің өмірбаянымен таныстырып өтті. Сурет салуды бастаған кезеңінен бастап шеберліктің шыңына шыққанға дейінгі кезеңдерігне шолу жасады. Шыназбеков Түймебай оқырмандарға суреткердің еңбектерін айтып өтті. Мұндай мәдени шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — оқырмандарға суреткердің еңбектерімен таныстыра отыра жастарды өнерге баулу және кітап оқуды насихаттау болып табылады. Бұдан кейін, Келес ауданына қарасты Жүзімдік ауылдық кітапханасында кіші топ оқырмандарыға арналған суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Сұлулық сыры-жүректе» атты танымдық сағат ұйымдастырылды
Алдымен суретшінің өмірімен таныстырылып, көрме арқылы суреттеріне шолу жасалды.Сонымен қатар «Өнерлі өлке суретшілері» кітабынан еліміздегі қылқалам шеберлері және олардың да еңбектері көрсетілді. Оқырмандарымызға әр айда кітапханамызға келетін Алматы қаласынан шыққан «Дәстүр» жұрналында жарияланатын жас суретшілер мен мүсіншілер таныстырылды Бұдан кейін, Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық кітапханасы, №22 З. Рүстемов атындағы мектептің 8-11 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, Түркістанның таңдаулы туындысына енген, өлкеміздің құрметті азаматы, ақын, жазушы Мұрат Бекей Халбайұлына арнап «Мұраты биік-Мұрат Бекей» атты өмірдерек ұйымдастырылды. Мұрат Бекей 1958 жылы 30-шы қыркүйекте Қарақалпақстанның Беруни ауданында дүниеге келген. А.С Макаренко атындағы қазақ мектебінде оқыған. 1975 -жылы бітірген. Жарылқасын Абылай жазушының «Үндеу» өлеңін оқыды. Мақсаты: Жазушының өмірбаяны мен шығармашылықтары жайлы әңгімелеу. «Бір ел-бір кітап 2024» Республикалық акциясы аясында 2024 жылы таңдалған балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға ұсынылды. Қазақ прозасына жаңа леп, өзгеше өрнек алып келген көрнекті жазушының 100жасқа толуына орай Игілік ауылдық кітапханасында, №10 Игілік Жоббм 7-сынып оқушыларының қатысуымен»Балалар әдебиетінің жүйрігі «атты кітап көрме жасалып, тұлғатану сағаты өткізілді. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет берілді. Сондай ақ оқушылар жазушының оқыған шығармаларынан үзінділерді жарыса айтып берді. Мұндағы мақсатымыз: Оқушыларға жазушының өмірі туралы көбірек мәлімет беріп, шыгармаларын оқуға шакыру. «Бір ел-бір кітап-2024» республикалық акциясы аясында жалпы оқуға көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі, 2024жылы 100жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін қазақ қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары қолдады.
Кітапхананың бекітілген жылдық жоспарына сай, аталған акция бойынша балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында Көкбұлақ ауылдық кітапханасында «Халқы сүйген қаламгер» атты тұрақты кітап көрме жасалды. Жазушының шығармаларын жыл бойына насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар кітап көрмелер арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту. Кітапхана ұжымы балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын бірге оқуға шақырады.
Бірлесу ауылдық округі 28 гвардия ауылдық кітапханашысы №34 Ахмет Байтұрсынов мектебінің кітапханасында 9-10 сынып оқушыларына Мәскеу — геолог ғалымы, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.
Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай “Қазақ ғалымының атасы” атты тақырыпта өмірдерек сағатын өткізді. Кеште оқырмандарға арнап ғалымның өмірінен видиоролик көрсеттім “Қазақ ғалымының атасы” атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырдым. Мақсаты оқырмандарға Қазақтың тұңғыш ғалымы Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру болып табылады. Алдағы уақытта мұндай мәдени іс шаралар легі жалғасын табатын болады.т