Ел чемпионатына жүлде ұтып алды

0
86

 

 

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Балерке Қамбар болашағынан үлкен үміт күтттіретін спортшының бірі. Жасөспірім қыздар арасында 59 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Қамбар Балерке Отырар ауданында өткен республикалық турнирде I орынды қанжығасына байлап, «Самбо» күресінен Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

 

 

Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Қамбар Балеркені жеткен жетістігі желестері үшін ғана емес жалпы еліміз үшін үлкен қуаныш болып отыр.  Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында өткен республикалық турнирде жасөспірім қыздар арасында 59 келі салмақта бірінші орын алу – тамаша нәтиже.

 

Самбодан Қазақстан чемпионатына жолдама алу Қамбар Балеркенің спорттық шеберлігі мен дарындылығының жоғары деңгейін дәлелдейтін өте маңызды жетістік. Самбо – дене күшін, техника мен стратегияны қажет ететін жекпе-жек өнері және спорт түрі.

 

Қазақстан чемпионатына қатысу еліміздің ең үздік спортшыларымен бәсекеге түсіп, республикалық деңгейде өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл да самбоның одан әрі дамуына жол ашып, халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан шығуға мүмкіндік береді.

 

Балерке Қамбарға самбодан Қазақстан чемпионатында сәттілік серік болары сөзсіз. Өйткені спортшының дайындығы мықты. Оған жаттықтырушыларының да қосып отырған үлесі қомақты.  Оның еңбекқорлығы, жаттығуға деген адалдығы мен таланты болашақта бұдан да үлкен спорттық жетістіктер мен жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз.

Айта кетсек, Балерке Отырар ауданының құрметті азаматы Құралбай Орынбасарұлының жүлдесіне арналған самбо күресінен 2008-2009 ж. жасөспірім қыздар арасында өткен республикалық турнирдің I орын иегері. Қазақ күресінің спорт шебері Тәттібек Тұрлыбековтің 63 жас мерейтойына орай қазақ күресінен 2009-2011 ж. жасөспірім қыздар арасында Сарыағаш ауданының ашық біріншілігінде I орын иегері атанған.

Жаттықтырушысы — әлем чемпионы Абдухамит Абдуразаков. Бапкерінің ақыл-кеңесін ынты-шынтысымен орындаған еңбекқор қыз бүгінде жеңіс мінберінен көрінуде.  Алдағы жарыстарда да абырой биігінен көренетініне сенім мол.