Ұстаздар спорттық шарада бақ сынады

0
194

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының ұстаздары шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қоғамдық өмірде де белсенді. Жуырда Сайрам ауданындағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздар арасында футбол, волейбол, шахмат, дойбы және тенистен спорттық спартакиада өтті.

Додалы жарысқа Әбунасыр Аль-Фараби орта мектебі, Д.Қонаев орта мектебі, М.Ауэзова орта мектебі, А.Молдағұлова орта мектебі, А.Ясауи орта мектебі, Сайрам орта мектебі және А.Науаи орта мектептерінің білім қызметкерлері қатысты.

 

Сайрам ауданының ұстаздары спорттық жарыстарға белсене қатысып, белсенді өмір салтын ұстанатыны тамаша. Спорттық іс-шараларға қатысу тек дене дайындығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты, ұйымшылдықты нығайтуға және мұғалімдер арасында достық атмосфераны құруға көмектеседі.

 

Футбол, волейбол, шахмат, дойбы және теннис сияқты спорт түрлерінен жарыстар әр мұғалімге өзінің спорттық дағдылары мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ ұжымдық рухты, әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді дамытады.

 

Спорттық жарыстарға қатысу мұғалімдерге белсенді өмір салтын ұстануға, олардың денсаулығына қамқорлық жасауға және салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі, бұл студенттер мен өскелең ұрпақ үшін маңызды үлгі болып табылады.

 

Сайрам ауданындағы әл-Фараби орта мектебінің ұстаздарын спорттық жарыстарға қатысулары алдағы уақытта да жалғасын таппақ, оқуда да, спорт саласында да биік белестерден көріне берері сөзсіз. Бұл мұғалімдердің белсенді өмір салтының жеке үлгісі арқылы оқушыларын қалай шабыттандырып, ынталандыра алатынының тамаша үлгісі.

 

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының  Таулы Қарабах ардагерлері мен мүгедектер одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалының төрағасы ,Сайрам аудандық Қоғамдық келісім филиал маманы Бахтияр Батаев, Сайрам ауданы бойынша Ауған ұрыс қимылдарының төраға орынбасары Махмудов Рашид Рамизович қатысып, Әл- Фараби жалпы орта мектеп директоры Полина Денисовна Цатышаева жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұстаздар спорттық жарыста аса белсенділік танытты. Жарыс өте тартысты өтті. Әділқазылар алқасы әділ шешім шығарды. Тартысты өткен спорттық іс-шараның қорытындысында:

I орын- Сайрам ОМ, II орын- А.Фараби ОМ, III орын- А.Науаи ОМ мектептерінің ұстаздары иеленді.