Мәдени қызмет көрсетті

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының мәдениет қызметкерлері ауданда өтіп жатқан барлық іс-шаралардан қалыс қалған емес. Қоғамдық өмірге белсене араласып, қуанышты сәттердің әрін кіргізіп, әуелете ән салып, кештердің көрігін қыздырып жүр. Жуырда Созақ аудандық орталық емхана ғимаратының алдында заманауи жедел жәрдем автокөлігі мен жасанды дем беру медициналық қондырғысын табастау рәсімі өтті. Осы шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері мәдени қызмет көрсетті.
Созақ аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің қоғамдық өмірге белсене араласып, түрлі іс-шараларға қолдау көрсетуі айтуға тұрарлық жағдай. Олардың болуы және мәдени қызмет көрсетуі осындай іс-шараларда мерекелік және қуаныш атмосферасын құру үшін маңызды.
Заманауи жедел жәрдем көлігін табыстау рәсімі медициналық мекеме үшін және бүкіл облыс үшін маңызды оқиға болып табылады. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына деген қамқорлықты, сондай-ақ сапалы медициналық көмек көрсетуде заманауи құрал-жабдықтардың маңыздылығын атап көрсетеді.
Мәдени орталық қызметкерлерінің бұл рәсімге қатысуы және мәдени қызмет көрсетуі салтанатты және қызықты атмосфераны құруға көмектеседі. Олар іс-шараға қатысушыларға қуаныш сыйлау үшін ән орындап, музыкалық қойылымдар, басқа мәдени бағдарламалар жүргізді.
Қоғамдық өмірдің медицина мен мәдениет сияқты әртүрлі салаларындағы бұл өзара әрекеттестік қауымдастықты нығайтуға және бірлікті құруға көмектеседі. Бұл үдерісте мәдени орталықтың қызметкерлері мәдени көкжиектерді кеңейтіп, қолайлы және достық атмосфераны құруға көмектесетін маңызды рөл атқарады.
Созақ аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерін қоғамдық өмірге белсене араласулары өте орынды әрине.
Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, аудандық орталық ауруханаға заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған “Hyundai i30” маркалы жедел жәрдем автокөліктері мен аудандық орталық емханаға жасанды дем беретін медициналық қондырғыны сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жылжымалы медициналық жиынтығы орналастырылған 65117-1029 маркалы “Камаз” көлігін табыстады.
Айта кетейік жаңадан тапсырылған “Hyundai i30” маркалы санитарлық автокөліктері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл көліктердің біреуі Қыземшек дарігерлік амбулаториясына, біреуі Жуантөбе ауылына берілсе, енді бірі аудандық орталық емхананың IV ші жеделділік санатында қызмет көрсететін жедел медициналық жәрдем бригадаларына берілді.
Сонымен қатар, жылжымалы медициналық жиынтығы орналастырылған 65117-1029 маркалы Камаз көлігінде диагностикалық рентген аппараты, стомотологиялық қондырғы, медициналық зертхана, ЭКГ сынды адам денсаулығына қажетті қызметтердін бірнеше түрі орналастырылған.
Іс-шараны мәдениет сарайының қызметкерлері Б. Орынбасарұлы мен Д. Шамшидин жүргізді. Басқа да шығармашылық қызметкерлер шарада мәдени қызмет көрсетті. Мәдениет үйінің қызметкерлері әуелете ән салып, күмбірлете күй төгілтіп, мың бұрала би билеп шараның көрігін қыздырды.
