Жаттықтырушы марапатталды

0
85

 

 

Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер спортшы, Халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев қатысқан шарада аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов үстел теннисінен жаттықтырушы, пара үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан Республикасының 4 дүркін, ересектер арасында 2 дүркін чемпионы Қыдырша Мақсат Мүсірұлын алғыс хаттармен марапаттады.

 

Қыдырша Мақсат Мүсірұлының толағай жетістеріміен құттықтап жатқандардың қатары қалың. Бұл оның спорттағы жетістіктері мен қажырлы еңбегінің тамаша бағасы. Алғыс хаттар — бұл өз мамандығына берілген күш пен адалдық үшін лайықты марапат.

 

Бұл шараға Түркістан облысы Жетісай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, ардагер спортшы, халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев пен аудандық мәдениет, тіл, дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Сейдалиевтің қатысуы – аудан әкімдігінің щараны өткізудегі маңыздылығы мен маңызын айғақтайды. Қыдырша Мақсаттың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай көп. Олардың қатысуы мен алғыс хаттарын табыстауы шараның мәнін одан сайын арттыра түседі.

 

Төрт рет Қыдырша Мақсат ересектер арасында чемпион атанса, екі рет  жоғары марапатқа ие болды. Бұл үлкен күш-жігерді, табандылықты және талантты талап ететін әсерлі жетістіктер. Алғыс хаттар оның спортта одан әрі табысқа жетуіне қосымша мотивация мен шабыт болары сөзсіз.

 

Қыдырша Мақсатқа алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктерге жетуіне тілектер айтылды. Оның еңбегі мен спортқа деген адалдығы өзіне, жақындарына және бүкіл қоғамға қуаныш пен мақтаныш сыйлайтыны сөзсіз.

 

 

«Жетісай спорт клубы» КММ-нің үстел теннисінен жаттықтырушы Қыдырша Мақсат Мүсірұлына  құтты болсын деп, алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жете беретіңізге сенім білдіреміз.