Сайыпқырандар марапатталды

Түркістан облысы, Отырар ауданының орталығы Шәуілдір кентінде самбо күресінен Отырар аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2010-2011,2012-2013ж.т. Жасөспірімдер арасында Отырар ауданының ашық біріншілігі өтті. Самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы Отырар ауданының ашық біріншілігі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жас спортшылардың өз өнерлерін көрсетіп, жарыстарға қатысып, атын шығаруға тамаша мүмкіндік. Мұндай деңгейдегі спорттық шаралар қатысушылардың дене дайындығын, тәртіпті, табандылық пен ерік-жігерді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастар арасында спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді. Байқау сәтті өтті және қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен тәжірибе алмасты.
Облыстық деңгейдегі дүбірлі сайысқа барлық аудандық және қалалық спорт мекемелерінен 350 ге жуық жас татами шеберлері келді. Облыс пен қаладағы барлық спорт мекемелерінен осындай көп жас спортшылардың қатысуы жарысты одан сайын тартымды әрі мазмұнды ете түсті. Бұл қатысушылар үшін өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, басқа клубтардағы әріптестермен кездесуге және басқа спортшыларды сайысқа түсуге тамаша мүмкіндік. Жарыстар күшті және достық спорт қоғамдастығын құруға көмектеседі. Осы іс-шаралар арқылы жас спортшылар жаңа достар, тәлімгерлер және болашақ спорттық жетістіктері үшін шабыт таба алады.
Өте тартысты да қызықты өткен сайысқа білікті басшы, еркін күрестен спорт шебері Алибек Жолымбекұлы Катаев басқарып отырған Түркістан облысы, Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкіртттері де қатысып, Төлеби ауданының мерейін үстем етіп, үздік нәтижелер көрсетті. «Тұлпардан тұлпар озар жарысқанда, палуанды палуан жығар алысқанда» дегендей жоғарыдан көрініп және жақсы нәтижелер көрсеткен шәкірттерді атап өтер болсақ:
2011-2012 жылы туылғандар арасында Нұралы Ақберен 26 кг – І орын, Әріпбек Әлихан 32 кг – І орын, Адасхан Нұрислам +49 кг – І орын, Мергенбай Шыңғыс 26 кг – ІІ орын, Жаңабай Заңғар 32 кг – ІІ орын, Кенжебек Еркебұлан 26 кг – ІІІ орын, Ерментай Ермұхаммед 29 кг – ІІІ орын.
2010-2011 жылы туылғандар арасында Балабек Бибатыр 49 кг – І орын. Макленбек Мейіржан 58 кг – І орын, Алпыс Нұргелді + 64 кг – І орын, Кенжебек Жасұлан 32 кг – ІІ орын, Ташкенбай Айсұлтан 35 кг – ІІ орын, Абдырайым Ербақыт 35 кг – ІІІ орын, Әшірбек Илияс 46 кг — ІІІ орын, Балабек Жанбатыр 46 кг – ІІІ орын, Үндір Гамзат 64 кг – ІІІ орын, Махамбеталы Дархан 49 кг – ІІІ орынға қол жеткізіп шәкірттеріміз жүлделі қоржынымызға, 6 – алтын, 4 — күміс 7 — қола медаль және Арнайы Дипломдармен марапатталып , өздерінің физикалық және тактикалық дайындықтары жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Жаттықтырушылары халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Нәбиевті, Мақсат Абуді, жеңімпаз және жүлделі орынға ие болған шәкірттерімді облыстық деңгейде өткен аламан бәйгедегі жетістіктерімен құттықтай отырып алдағы болатын облыстық және еліміздің чемпионаттарында биіктен көрінеді деп сенім арттты.