Сазды әуен қалықтаған кеш…

0
81

 

Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы рухани астанаға қосылған жаңа ауданның бірі. Құрылғанына небәрі үш жыл ғана болды. Жуыра осыған орай «Сауран сазы» фольклорлық ансамблінің «Түлеген текті жауһарым» атты әуен сазды кеші өткізілді.  Сауран аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық өнерпаздардан құрылған «Сауран сазы» фольклорлық ансамблі 2023 жылдың қаңтар айынан құрылып, әрбір іс — шараларда өз өнерлерін көрсетіп, халықтың ыстық қошеметіне бөленіп жүр. «Сауран сазы» фольклорлық ансамблі талантты жастардан құралған өнер ұжымы. «Түлеген текті жаухарым» атты әуезді кеш ансамбль мүшелерінің өз ойлары мен шығармашылықтарын ортаға салған таңғаларлық оқиға болды.

 

Ежелден келе жатқан ұлттық төл өнерімізді дәстүрлі ән, күй өнеріндегі сарқылмас қазыналарымызды келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау, дәріптеу мақсатында құрылған ансамбль қазіргі таңда домбыра, қобыз, сылдырмақ, шаңқобыз, тұяқ, аккордион аспаптарымен өнер көрсетіп келеді. «Сауран сазы» ансамблінің домбыра, қобыз, сырдырмақ, шаңқобыз,  баян сияқты дәстүрлі музыкалық аспаптарды ұқыптылықпен сақтап, халыққа ұсынуы тамаша. Бұл мәдени мұраны сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге көмектеседі. Халық өнерін сақтауға, насихаттауға деген мұндай ұмтылыс таңдануға, қолдауға лайық. Кешті Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жумабекова Жанар ханым ашып берді. Фольклорлық ансамбль Облыстық Халық шығармашылығы орталығы директоры М.Алиакбаровтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Кеш «Сауран сазы» фольклорлық ансамблінің ән-күйлерімен жалғасын тапты.