Мерейтойға арналған жарыс өтті

0
121

 

 

ҚР Спорт шебері, «Спорт ардагері» төс белгісінің иегері Найманбаев Ерген Ыбырайұлының мерейтойына арналған волейболдан Сауран ауданы бойынша ашық турнирі өткізілді.

Найманбаев Ерген Ыбырайұлының мерейтойына арналған волейболдан турнир 15 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұндай шараның өткізілуі  Сауран өңірінің спорт мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, біртуар спортшының сіңірген еңбегіне арналған тамаша шара. Мұндай турнирлер жастарды спортқа баулиды, командалық рух пен салауатты өмір салтын насихаттайды. Бұл турнир қоғамдастық пен спорт қауымдастығы үшін үлкен маңызға ие болып көрінеді және 15 жылдан бері өткізіліп келе жатқаны оның маңыздылығының дәлелі. Осы турнир өте тартысты өтті.  Ерген Ыбырайұлы жастайынан спортқа қызыққан. 1979 жылы Қызылордалық «Мелиоратор» (қазіргі «Қайсар» футбол клубы) командасына шақырту алған. 1990 жылы өз туған ауылына келіп, ауылдың талантты шәкірттерін дайындай бастады.  Шәкірттері — Жақсылық Қанат, классикалық волейболдан спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрмасының ойыншысы; — Алтаев Ерболат, параволейболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы; Париж-2024 параолимпиадасына лицензия жеңіп алған. — Жақсылық Ерасыл, футболдан спорт шеберіне үміткер, «Қайсар» футбол клубының ойыншысы.

Турнирге 12 ауылдық округ бойынша жиналған 16 команда қатысты. Олар: Шорнақ, Жүйнек, Шорнақ-2, Қарашық, Бабайқорған, Ынтымақ, Майдантал, Қос мезгіл, Бершінтөбе, Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Иассы, Аша, Т.Айтжанов жалпы орта мектеп, Оранғай және Үшқайық ауылдық командалары қатысты. Бұл турнирге қатысқаын командалар керемет ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылардың бұл әртүрлілігі турнирді қоғамдастық үшін нағыз спорттық оқиғаға айналдырады. Командалар арасында I-орын Бершінтөбе командасына бұйырды. II-орынды Қарашық, III-орынды Ынтымақ командасы иеленді.

Номинациялар бойынша: Үздік төрешілер номинациясымен Нарбаев Мереке және Байтен Ернар атанды. Үздік ойыншы номинациясын Тұрысбек Сүндет және Убайдуллаев Сордар иеленді.