Тарихқа тағзым- әдеби кештер жалғасуда

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық балалар кітапханасында алыс және шетел жазушыларының өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында белгілі орыс жазушысы П.Бажовтың 145 жылдық мерейтойына «Бажов ертегілерінің қаһармандары» атты әдеби-сағаты өтті. Орыстың белгілі жазушысы П.П.Бажовтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби сағаттың ұйымдастырылғаны тамаша. Бұл балалардың оның шығармаларымен танысып, ертегілер әлеміне енуіне тамаша мүмкіндік. Мұндай іс-шаралар қатысушылардың әдеби білімдерін кеңейтіп қана қоймай, классикалық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, олар басқа да шетелдік жазушылардың шығармашылығы туралы біле алады. Мұндай шаралар балалардың рухани дамуына септігін тигізіп, ой-өрісін кеңейтеді. Бұл әдеби сағатты ұйымдастыруда кітапхана маңызды рөл атқарды және балалардың әдебиет туралы көбірек білім алуы үшін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Іс-шараға №5 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Қалиева Гаухар оқырмандарды көрмемен таныстырып, қызықты әдеби ойындар ойнатты. Әдеби сағат өте қызықты, тартымды өтті. Белсенді оқырмандар «Книжное конфети» сыйлықтарын алды. Кітапханашы Қалиева Гауһар балаларға осындай тамаша, есте қаларлық әдеби сағат сыйлағаны керемет болды. Оның жұмысы іс-шараны балалар үшін қызықты әрі тартымды етуге көмектесті. Әдеби ойындар мен көрмелер балаларды әдебиетті оқуға және қызығуға шабыттандырады. Шығармашылық оқыту тәсілдері сабақтарды қызықты және есте қаларлық етеді, сондықтан балалар әдебиетті үйренуден ләззат алады. Кітапханашылар балаларды кітап оқуға баулуда маңызды рөл атқарады және олар ұйымдастырған қызықты іс-шаралар әдебиетке деген қызығушылықты дамытуға көмектеседі. Балалардың кең ауқымы әдебиет әлемімен танысу үшін ләззат алуы үшін алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын таппақ. Бұдан кейін, ауданға қарасты Достық ауылдық кітапханасында «Тарихпен тамырлас» жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының — 65 жасқа толуына орай тұлғатану сағаты өткізілді. Іс-шара ұстаз Меңлібекова Жаңыл, Сансызбаева Күлзипа және 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты — оқушыларды жергілікті жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Жазушының тарихи романдарына тоқталып өту, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оларды кітап оқуға шақыру болып табылады. Бұдан соң, аудандағы Әңгірата ауылдық кітапханасында «М.Әбдәкімұлы — тарихшы, шежіреші» Момбек Әбдәкімұлы-65 жаста әдеби өнер кеші өтті. Жазушының өмірі мен шығармашылығы айтылды. Оқушылар М.Таңнұр, Б. Исахан, Г. Нұрлыбек жазушының “Зобалаң”, “Күн тұтылған мезгіл” атты шығармаларынан үзінді оқыды. Іс-шараның мақсаты: оқырманды жергілікті ақын жазушылардың шығармаларымен таныстыру, кітаптарын оқуға насихаттау, тарихи шығармаларының мазмұнын ашу. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тіл саясатын іске асыру мақсатында және қазақ ақындары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, жазушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойлары және қазақтың көрнекті жазушысы, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойы аясында олардың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу бойынша «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы басталды. Аталған акция аясында қазақ тілін кеңінен насихаттауға, оны зерделеуге, сақтауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл тіл курстарын ұйымдастыру, әдеби кештер өткізу, қазақ тілінде кітаптар шығару, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға ықпал ететін басқа да шараларды қамтиды. Сонымен қатар, бұл акцияның маңызды аспектісі – қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеу және сақтау, оның ішінде көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау. Бұл күш-жігердің барлығы қазақ тілінің болашақ ұрпақ үшін өміршең және өзекті болып қалуына бағытталған. Осыған орай, Төлеби ауданы Жыланбұзған мектебінің математика пәнінің мұғалімі, байқауға қатысушы үміткер Ергешова Тахмина Бейімбет Майлиннің «Кедейлер» өлеңін тамаша мәнерлеп оқып шықты.