Сырласу кеші өтті

0
150

 

Болашақ келешек ана болатын бүгінгі қыздардың қолында. Ана тәрбиелі болса бала да тәрбелі. Демек ұлттың іргесі сөгіллмейді. Болашақ ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болып өсуі үшін оның іргетасы бүгіннен бастап қалануы қажет. Сондықтан да бүгінде Түркістан облысындағы барлық білім ошақтарында ұлттық тәрбиеге қатысты түрлі мәдени шаралар жалғасын табуда. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Монтайтас жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  еңбек пәнінің мұғалімі Пияшова Айсұлу «Қызым саған айтам» тақырыбында қыздарға Көпбалалы аналарды шақырып сырласу кешін өткізді. Шарада қыздар болашаққа деген көзқарастарымен, армандарымен, жоспарларымен бөлісті. Олар білім, денсаулық, отбасы және мәдениеттің маңыздылығын талқылады. Аналар өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, балаларына дұрыс тәрбие беру туралы ақыл-кеңестерін айтты. Мұндай іс-шаралардың бала тәрбиесіне саналы көзқарасын қалыптастыруда, ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау мен жеткізуде алар орны орасан зор. Еліміздің болашағы ертеңгі ана атанатын бүгінгі қыздарды тәрбиелеуге байланысты екенін ұмытпаған жөн. Шарада қыздар болашаққа деген көзқарастарымен, армандарымен, жоспарларымен бөлісті. Мұндай іс-шаралардың бала тәрбиесіне саналы көзқарасын қалыптастыруда, ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау мен жеткізуде алар орны орасан зор.

 

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хатына сәйкес Балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «ДосболLIKE; достық қолын ұсын» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Шараны өткізудегі негізгі мақсат — қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті сыпайы, инабатты, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу болып табылады.

 

 

Осылайша, бұл іс-шара қыздардың жеке басын дамытуға, олардың әлеуетін ашуға және ересек өмірге дайындалуға, сондай-ақ балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алуға бағытталған. Балалардың дамуы мен өсуі үшін қолайлы жағдай жасау үшін оларға қолдау көрсету және оқыту маңызды және бұл процесте дәл осындай әрекеттер көмектеседі. Кеш барысында ұлт аналары қыздарға тәрбиелік мәні бар тақырыптарды қаузады. Тәрбиесі мықты қыз ертеңгі күні де балаларын мықты етіп тәрбиелейді. Сондықтан да батыстың батпағынан аулақ болып, өзіміздің менталитетімізге сай ұлттық тәлім тәрбиеге қанығып өсуі жайы сөз болды. Кездесу кеші барысында сұрақ жауап бөлімі болып, онда қыздар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап ала алды.  Сырласу кешінің соңында көпбалалы ана Алтын алқа иегері Марткүл ана қыздарға қырық үйден тыйым сөздерді айтып сырласу кешін қорытындылады.