Ұлттық ойыннан ашық біріншілік өтті

0
79

 

 

Ұлттық спорт–ұлтымыздың нышаны. Жетісай ауданында қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі тоғызқұмалақтан 2024 жылдың ақпан айының 2-3 күндері «Менің-елім Қазақстан» атты ұранымен 2009-2010 ж,т және 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында Жетісай ауданының ашық біріншілігі болып өтті. Жарысқа 60-тан астам қатысушы жиналып, қазақ мәдениеті үшін маңызы зор ойын тоғызқұмалақтан бақ сынады. Қатысушылар ойында өздерінің шеберліктерін ғана емес, бәсекелестік, достық, өзара көмек рухын да көрсетті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара жасөспірімдерге өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, құрдастарымен байланысын нығайтып, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрмен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай жарыстар ұлттық спорт түрлерін сақтау мен насихаттауға, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізеді. Осындай іс-шараларға қатысу арқылы жасөспірімдер өзін танытуға, жаңа достар мен тәлімгерлер табуға, спортта жаңа белестерді бағындыруға шабыттануға мүмкіндік алады. Жетісай аудандық ұлттық спорт мектебінің ұйымдастырумен өткен ашық біріншілікке Жетісай аудандық спорт мектептері мен клубтарының жалпы 60-қа жуық жасөспірім қатысушылары қатысты.

Тоғызқұмалақ –ойшылдар ойыны! Жасөспірімдердің ақыл-ойын дамытуға арналған ойын, белгіленген ережеге сәйкес жасөспірімдердің жас ерекшіліктеріне қарай командалық есеппен есептеліп өз мәресіне жеткізілді.

Жарыс нәтижесінде 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ойындарда I орын №3 БЖСМ командасы, II орын Ұлттық спорт клубының командасы, III орын Ұлттық спорт клубының командасы. 2011-2012 ж.т жасөспірімдер арасындағы ойындарда I орын №3 БЖСМ командасы

II орын № 3 БЖСМ командасы, III орын Ұлттық спорт клубының командасы.

Жарыста жүлделі орын иеленген жасөспірім қатысушылар Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы диплом және медальдарымен марапатталды. Жарысты «Жетісай аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тоғызқұмалақтан жаттықтыршылары Бакирамов Оразалы және Алибаев Биғали. Бұдан бөлек, Жетісай аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жасөспірім спортшылары,2024 жылдың ақпан айының 2-3 күндері аралығында Жетісай ауданында тоғызқұмалақтан 2009-2010 ж,т және 2011-2012 ж,т жасөспірімдер арасында өткен Жетісай ауаданының ашық біріншілігіне қатысып келді.

Бәрімізге белгілі ұлттық ойындардың ішінде ойынау тәсілімен өзгеше ерекшеленетін тоғызқұмалақ ойынын бүгінде жасөспірімдерге кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында өткізілген ашық біріншілікте Жетісай аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жақсы ойын кезеңдерін көрсетіп жалпы командалық есепте 8 алтын, 4 күміс медаль және дипломдармен марапатталды.  Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жасөспірім спортшылар жүлделі орындарды иеленді.

2009-2010 ж,т жасөспірімдер арасындағы ойындарда: I орын Нұрлыбай Рамазан

I орын Жарылқасын Нұрхан, I орын Елібай Динара, I орын Жолдасбек Балнұр

2009-2010 ж,т жасөспірімдер арасындағы ойындарда: I орын Әбылқасым Нұртілеу, I орын Жолдасбек Шалқар, I орын Жуманова Гулнур, I орын Жолдасбек Айдын, II орын Құрбантай Думан, II орын Жолдасбек Айсұлтан

II орын Жолдас Аяна, II орын Кемел Асел. Спортшылардың жаттықтырушылары Ағыбаев Сабит және Ағыбаев Нұрлан. Алдағы уақытта тағы да тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылмақ.