Спорт кешені салынып жатыр

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Облыс орталығынан шалғайда жатқан ауылдарда спорттық нысандардың салынуы ауыл балалары үшін жасалып жатқан жағдайдың ең күштісі деуге болатын сияқты. Өйткені әлем чемпиондарының басым бөлігі ауылдан шыққан балалар. Сондықтан да ауыл балаларына барынща спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Ұтпасаң ұтылмайтын жобалардың бірі. Сонымен қатар, ауылдағы спорт кешені тұрғындардың спортқа, жарыстарға, турнирлерге және басқа да шараларға жинала алатын әлеуметтік өмір орталығына айналмақ. Бұл сонымен қатар жергілікті қауымдастықты нығайтуға және әлеуметтік байланыстарды дамытуға көмектеседі. Ауылдық жерлердегі спорт нысандарын салу да тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, түрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Спортпен шұғылданатын балалар белсенді өмір салтын жүргізеді және артық салмақ пен жалпы денсаулыққа қатысты проблемалар аз болады. Сонымен, ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын қалыптастыруда, қоғаммен байланысты нығайтуда және жергілікті қоғамдастықты дамытуда маңызды рөл атқарады. Демек, Құрамада ауылында спорт кешенінің салынуы – бүкіл облыс үшін дұрыс қадам. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Жартытөбе ауылдық округіне арнаайы жұмыс сапары барысында, Құрама елді мекеніне барып, құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда, мердігер мекеме нысанның іргетасын құю жұмыстары және темір колонналарын орнату жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, темір арқалықтары (балка) және ферма орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Сапар барысында Арман Абдуллаев аудан әкімімен және мердігер мекеме өкілдерімен нысан құрылысының алдағы кезеңдерін талқылап, бұл жобаны қолдайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ Құрама ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, құрылысқа қатысты пікірлерін біліп, туындаған мәселелерді шешуге тырысты.
Ауылға сапары аяқталған соң аудан басшысы барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен жұмыс кеңесін өткізіп, онда құрылысты аяқтаудың алдағы кезеңдері мен мерзімдері белгіленді. Сондай-ақ Арман Абдуллаев бұл нысанның ауыл инфрақұрылымын дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, оны сәтті жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстарды бөлуге уәде берді.
Жиында құрылыс барысын жеделдету үшін бірінші кезекте қандай жұмыстар атқару керектігі сөз болды. Жұмыстың әр кезеңіне жауапты тұлғалар анықталып, тапсырмалардың орындалуына қатаң мерзімдер мен бақылау орнатылды. Жобаны қаржыландыру және құрылысқа қажетті материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Аудан басшысы жобаның орындалу барысын жеке қадағалап, мәселе туындаса, дереу ден қойып, шешу жолдарын іздеуге уәде берді. Ауыл халқы құрылысшыларға көмек пен қолдау көрсетіп, құрылыс процесіне белсене қатысуға шақырылды. Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін атап өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.