Сарыағаштық спортшылардың жетістігі көп

0
95

 

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының спортшыларды биылғы жылды жемісті бастады. Ауданға қарасты №3 балалар мен жасөспірімдер спорт спорт мектебінің оқушысы Абыхан Ернұр 2024 жылдың Төле би ауданы, Ленгір қаласында өткен Түркістан облысының чемпионатында 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен қарсылас шақ келтірмей облыс чемпионы атанды. Абыххан жарыста тамаша өнер көрсетіп, өзінің спорттық шеберлігі мен мықтылығын көрсетті. Оның жеңісі басқа спортшыларға жарқын үлгі болып, оларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды. Жарысқа белсене қатысып, тамаша нәтиже көрсеткен Сарыағаш өңірінің өзге де спортшыларының жетістіктерін де атап өткен жөн. Бұл спортшылардың дайындығы мен жаттықтырушылар еңбегінің жоғары деңгейде екенін айғақтайды. Абыхан алдағы уақытта да жеңістер мен спорттық жетістіктерге қол жеткізері анық.

 

Ернұр балуан алдағы уақытта өтетін ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. Жас балуанымыздың бабын келтіріп дайындаған №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы және жеке бапкері Жүсіпов Әлімжанның төккен тері ақталды. Ернұр мен жаттықтырушы Жүсіпов Әлімжан спортқа деген адал еңбектері үшін үлкен құрмет пен қошеметке ие. Балуан Ернұрдың ел чемпионатына қатысуы спортшының дайындығы жоғары, бапкерінің мінсіз еңбегін айғақтайтын үлкен жетістік. Бапкердің күш-жігері мен қолдауының арқасында Ернұр жоғары деңгейдегі жарысқа дайын болып, Түркістан облысының намысын лайықты танытатынына сенім мол. Ол басқа спортшыларды шабыттандырып, олардың жарқын үлгісі болатыны сөзсіз. Алдағы ел чемпионатында топ жарары анық, спорттық жетістіктің шыңына жету жолында табандылық, талант пен төзімділік танытатыны айқын. Бұдан бөлек, сарыағаштық грек рим шеберлері де жақсы нәтижелерімен қуантып отыр. Сарыағаш аудандық №1 Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт спорт мектебінің грек-рим шеберлері жуырда Мақтарал ауданында өткен облыс чемпионатында жеңімпаз атанып қайтты. Сарыағаш ауданының грек-рим күресінен және Қажымұқан атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен келген шеберлерді Мақтарал ауданында өткен облыс біріншілігіндегі лайықты жеңістерімен қуантты. Мұндай жарыста жеңіске жету спортшылардың дайындығы жоғары, жаттықтырушылар таланты мен бүкіл ұжымның спортқа берілгендігінің айғағы. Бұл әр қатысушының табандылығының, еңбегінің және төзімділігінің құрметі. Бұл жеңіс спорттық биіктерге жаңа серпін болып, спортшыларды жаңа жетістіктерге жігерлендірері сөзсіз. Байқауды дайындауға және өткізуге атсалысқандардың барлығына үлкен құрмет білдірілді. Атап айтқанда, 2009-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында; 57 келі салмақ дәрежесінде Илахунов Руслан І-орынға, 68 келі салмақ дәрежесінде Рысжан Нұр І-орынға, 110 келі салмақ дәрежесінде Әлімбек Ердос І-орынға, 48 келі салмақ дәрежесінде Дүйсембек Дәулет ІІІ-орынға 48 келі салмақ дәрежесінде Рахманәлі Руслан ІІІ-орынға ие болса, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында. 48 келі салмақ дәрежесінде Қалмахан Дидар І-орынға, 55 келі салмақ дәрежесінде Бағысбай Жәнібек ІІ-орынға, 65 келі салмақ дәрежесінде Жақсылық Бағдәулет ІІ-орынға, 51 келі салмақ дәрежесінде Отар Нұрлыбек ІІІ-орынға, 55 келі салмақ дәрежесінде Рахманәлі Руслан ІІІ-орынға, 110 келі салмақ дәрежесінде Әлімбек Ердос ІІІ-орынға ие болды.

Балуандарды тыңғылықты дайындап, жеңіске жетелеген №1 Қажымұхан спорт мектебінің ұжымына жеңістеріңіз құтты болсын дей келе, алдағы уақытта өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын балуандарға сәттілік тіледі. Қажымұхан атындағы №1 спорт мектебінің командасы алдағы Қазақстан чемпионатына қатысуға дайындалып жатқаны тамаша! Олар облыс біріншілігіндегі лайықты жеңістері алға жетелеп, алдағы уақытта жоғары деңгейде өтетін жарыстарда сәттілік болары сөзсіз. Барлық жинақталған тәжірибе, табандылық пен кәсібилік спортшыларға жаңа белестерді бағындырып, ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетуге көмектесері айқын. Күші мен дарыны жоғары және лайықты құрметке ие болып, спорттық мақсаттарына жете алатындарына сенім мол.