Қарымды қаламгерлердің құрметіне арналды

0
100

 

 

Бүгінде Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан жазушылардың мерейтойына орай түрлі мәдени іс шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Қазығұрт ауданының әр ауылдық кітапханаларында түрлі тақырыпта мәдени басқосу болып өтті. Ең алдымен Қарабау ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты жазушының шығармаларынан талдау сағаты өткізілді.  Оқырмандарға жазушы өмірі мен шығармашылықтарын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. Қатысушылар белсенділік танытып, шара өте қызықты өтті. Сонымен қатар,  Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық кітапханасында Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен өз үнімен жарқ етіп танылған жерлесіміз Қалаубек Тұрсынқұловтың 90жылдығына орай «Қазығұртан шыққан қаламгер» атты іс -шара болып өтті. Мақсаты — оқырмандарға жазушының шығармаларымен таныстыру. Жастарымызды Отанға деген сүйіспеншілігіп арттыру. Бұл шара  да жоғары деңгейде өтті. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы Тесіктөбе ауылдық кітапханасында 9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай, «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты әдеби жыр кеші өткізілді.

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзиялық құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ өскелең ұрпақты шығармашылыққа, поэзияға баулу үшін ұйымдастырылып отырған шара жоғары деңгейде өтті. Бұдан кейін, Алтынтөбе 1 ауылдық кітапханасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне орай «Мұқағали Мақатаев -поэзия тұлпары » атты поэзия кеші болып өтті. Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Оқушылардың сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға , өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту. Ақынның туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Бұдан соң Қазығұрт ауданы Шанақ ауылдық кітапханасында мемлекет, қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дара туған қыран-Тұрар» атты тарихи танымдық сағат өтті. Тұлғаның қасиеттерін, өмірін, еңбектерін келешек ұрпаққа насихаттау. Осындай тұлғаларды терең тану үшін ұйымдастырылды. Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында қазақ прозасында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған жерлесіміз жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтың — 90 жылдығына орай » Қазығұрттан қуат алған қаламгер » атты танымдық кеш болып өтті. Кеште жазушының «Анды Қарақыз» повестінен сахналық қойылым қойылды. Жасөспірімдерді жазушының өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Прозалары арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін ұйымдастырылды. Қазығұрт ауданы Қыдыр Мәмбетұлы ауылдық кітапханасында 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғана — 35жыл толуына орай «Ауған соғысы тарих қойнауының бір парағы» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған азаматтарды еске алу және жастарға партиотық тәрбие беру, төзімділікке, адамгершілікке елін жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу. Олардың ерлігін ұрпақ жадында қалдыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың балалар әдебиетіне деген қызығушылығын қалыптастыруда, кітапқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуде аудандағы «Балайым» балабақшасына «Балабақшадағы кітап сөресін» атты тақырыпта кітап бұрышы ұйымдастырылды. Бала өз талғамына сай кітапты таңдай алатындай және оны сабырмен қарап, ерекше, тыныш, ыңғайлы, күйде болуы маңызды. Кітапханашылар бүлдіршіндерге балалар әдебиетімен, ертегілерді таныстырып, «Марғау мысық» атты ертегісін дауыстап оқыды.

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханасының қызметкерлерінің қатысуымен «Шоқтығы биік шығарма» тақырыбында қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы талдап-талқыланды.  Қазақ халқының бастан кешкен азалы күндеріне, тыныш ауыл бейнесін бұзған, сұрапыл соғыстың басталуы, жас баланың өмірін құртуы, ауыр жылдардан кейінгі халықтың қайта жандануы ешкімді де бей-жай қалдырмады.

Қандай қиындық болсын мойымай қасқайып тұрып, жақсылыққа сеніп, арманының соңынан ілесе білу керек деп ой тұжырымдалды.

Кімді де болса қызығына бөлеп, түйгізер, жеткізер ойы бар шығармалардың бірегейі деген ой түйді. Романдағы қанатты сөздер де назардан тыс қалмады.

Талқылаудан алған әсерлерімен бөлісіп, жобадан не күтетіндігі жайлы жеке ойлары айтылды. Алдағы уақытта оқушылардың ой танымын дамытуға мол үлес қосатын мұндай шаралар жалғасын табатын болады.