Талантты қылқалам шебері өсіп келеді

Мәдениет саласының қай түрі болса да бүгінде жақсы дамып келеді. Театр, кино, бейнелеу өнеріның барнлығында да жас таланттар жарқырай көрініп жүр. Әсіресе мектеп жасындағы жасөскіндердің өнерге, білімге, мәдениетке деген құштарлығында шек жоқ. Соның белгісі ретінде еліміздің әр түкпірінен жас таланттар жарқ еткен жұлдыздай жарқырап шығып жатыр. Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы №1 О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жолдасбек Айтжанның 50-ден аса өнер туындысы бар. 3 жасынан бастап сурет салуға қызыққан талантты шәкірт 5-сыныптан аудандық сурет үйірмесіне барады. Жолдасбек Айтжанның өнерге деген ынта-ықыласы мен өнерге деген құлшынысы зор екені бала кезінен ақ байқалған. Осы уақытқа дейін 50-ден астам өнер туындысын жарыққа шығаруы әсіресе оның жасын ескерсек, өте үлкен нәтиже. 5-сыныптан бастап аудандық сурет үйірмесіне қатысу Жолдасбектің тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді. Балалық шақтан сурет салу — ойларыңыз бен эмоцияларыңызды білдірудің тамаша тәсілі. Жолдасбектің бұл саладағы таланты ерекше көзге түсіп, өнерін шыңдап, өнерде биік белестерді бағындыра береді деген сенім мол. Оған шабыт сыйлайтын дүниелер көп ақ. Содан ақ шығармашылық өрлеу тауып биік жетістіктерге жетуде.
«Кішкентай кезімнен бастап сурет салуға қызықтым. Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі асыл қазынамыз деп білемін. Сурет салғанда халқымыздың ұлттық дүниетанымына назар аударамын. Бұл өнер түрі жеке тұлға ретінде қалыптасуына мол септігін тигізеді. Жалпы болашақта архитектор болғым келеді. Осы салада еліміздің дамуына үлес қосу басты мақсатым, — дейді Жолдасбек Айтжан.
Жолдасбек Айтжанның бала кезінен сурет салуға деген құмарлығы мен қызығушылығының жоғарылағаны тегіннен тегін емес. Өнер – нағыз асыл қазына және ұлттық көзқарасымызды танытуға, тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жолдасбек өнер туындыларын салғанда өз халқының ұлттық дүниетанымына көбірек мән береді. Ол мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді өнер арқылы сақтауға және беруге тырысады. Оның үстіне сәулетші боламын деген армандауы да, еліміздің дамуына үлес қосуды мақсат етуі де нағыз патриоттық. Сәулет өнері бейнелеу өнерінен алыс емес екені белгілі. Жас суретші өнер жолындағы ұстазы – Келестің қылқалам шебері Нұрлан Жолтайұлы Қалдыбаевтың жетекшілігімен бірнеше облыстық, республикалық байқауда жеңімпаз атанды. Ақтау қаласында өткен «Әбіш оқулары» республикалық байқауында иллюстрациялық сурет салу байқауынан 2 орын иеленді. Сонымен қатар Жолдасбек Айтжан Келес ауданында 2022 жылғы «Жылдың ең үздік қылқалам шебері» номинациясын алды. Жолдасбекті облыстық, республикалық жарыстардағы жеңістеріне әсіресе ұстаздары қуанулы. Бұл оның өнер жолындағы таланты мен қажырлы еңбегін дәлелдеген әсерлі табыс. Жолдасбектің жетілуіне, өнер жолында өсуіне үлкен әсер еткен өнер пәнінің мұғалімі Нұрлан Жолтайұлы Қалдыбаевтың да еңбегі зор. Тәжірибесі мен шеберлігі жоғары ұстаз жас өнерпаздарды шабыттандырып, бағыт-бағдар беріп, оның мүмкіндіктерін ашуына көмектесіп жүр. Республикалық деңгейдегі «Әбіш оқулары» сынды иллюстратор суреті байқауында 2-орын алуы да – үлкен жетістік. Бұл Жолдасбектің таланты мен шеберлігін ғана емес, оның шығармашылығы арқылы көркем ой мен хабарды жеткізе білу қабілетін де дәлелдейді. Өнер жолында өрелі жетістіктерге жетіп жүрген Жолдасбектің алар асуы әлі алда. Бәлкім жақын келешекте әлемді мойындатқан қылқалам шебері болуы да әбден кәдік.