АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАР ҚҰРМЕТТЕЛУДЕ

0
99

Қазақстан Республикасында халықтың демографиялық өсіміне ерекше көңіл бөлініп келеді. Өйткені, қайбір мемлекеттің болсын қарқынды дамуы адам ресурсына да тікелей байланысты. Жер көлемі әлемде тоғызыншы орындағы біздің елімізде халық саны аз болуы мемлекетіміздің экономикасын қарқынды дамытуда, ел болашағын нығайтуда, халқымыздың санының өсіне мүмкіндік бермеуде. Сол себепті де көп бала тууды, оларды лайықты тәрбиелеп өсіруді қолдауды мемлекетіміз өз мойнына алып отыр. Көп балалы аналар елімізде тек материалдық қолдауға ғана емес, рухани жағынан көтермеленіп, құрметке де ие болуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 25 наурыздағы №497 Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай, аталған Жарлық аясында Сайрам ауданындағы көпбалалы 36 ана марапат төрінен көрінді. Оның ішінде, жетеуі «Алтын алқа», жиырма тоғызы «Күміс алқа» иегері атанды.
Алтын құрсақты аналарды марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қоғамда олардың алатын орны айрықша екенін атап өтті. Шара аясында алтын құрсақты аналарға алқалар мен гүл шоқтары тарту етілді.
Сайрам ауданы бойынша көпбалалы аналардың саны 12 704-ке жетті. Олардың 129-ы «Батыр аналар», 1220-сы «Алтын алқа», 2999-ы «Күміс алқа» иегері. Ал, 355 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған. Ал облысымыз республикадагы сәбилер ең көп туылатын демографиялық қарқыны жоғары аймақ болып саналады.