Әлеуметтік-экономикалық даму

0
51

Өңірлерді дамытуға байланысты мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру облыс, қала аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын береді. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалалрдың да негізгі мақсаты өңірлердің қуатын арттыру, олардың тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-рухани, өмірсүру жайлылығын арттыру болып табылады.
Түркістан облысында осы мәселелер бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп аймақтарда жобалардың жүзеге асырылуына мән беріліп отыр. Таяуда Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда бетондарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыстың алғашқы жұмыс барысын бақылады. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан сапасы маңызды екенін атап өтті. Жұмыс барысы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.
Мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ішінде 300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға арналған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері орналасады.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ауыл тұрғындар біраз жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін айтып келген. Биыл республикалық бюджеттен қаржы қаралып, өзекті мәселенің шешімі табылды.