ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚАЙТА БАҒЫТТАЛАДЫ

0
77

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында өңір бюджеті бір трлн төртжүз онтоғыз млрд теңгеге артатыны айтылды. Сонымен қатар, облыстағы маңызды мәселелер қаралып, барлық сала бюджеті сараланды. Үнемделген қаржы әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қайта бағытталатын болды. Бұл әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсартары анық. Нарықтық заманда бюджеттен бөлінген қаржыны жеткізбей қоюдың орнына жауапкершілікпен жұмыс жасап үнемдеу арқылы өңірдің экономикалық дамуына қосымша үлес қосылады. Сол сияқты отбасы беріктігін сақтауғ ана мен баланы қорғау, оларға қамқорлық жасау, басқа да әлеуметтік мәселелерді толыққанды шешуге жұмсалатын үнемделген қаржы облыстың әлеуеті мен даму деңгейін, экономикалық қуатын арттыра түсуге септік етері анық.
Білім саласынан артылған қаржы түгелдей «Жайлы мектеп» жобасына жұмсалады. Түркістан облысында биыл құрылысы аяқталуы керек 29 жайлы мектеп бар. Білім беру саласынан үнемделген 6,9 млрд теңгенің 1 млрды аталған мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етпек. Ал медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайтуға 809 млн теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы 135 жедел жәрдем көлігінің қызмет сапасының артуына 88,9 млн теңге қарастырылуда. Бұл туралы облыстық экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы айтты.
Тұрақты комиссия отырысына 14 депутат қатысты. Жиын барысында экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына ауыл шаруашылығы, жылыжай, табиғи газ, абаттандыру және білім беру саласындағы үнемделген қаржының дұрыс жұмсалуы, жол мәселесі, ауыз су, сонымен қатар Ордабасы тауындағы үш бидің ескерткіші мәселесі қозғалды.