АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МАҚСАТ

0
71

Шалғайда орналасқан елдімекендердің барлығына ауыз су тарту мәселесі Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей назарында. Ауданда ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Елдімекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда.
Аудан басшысы Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып, Жонарық, Қанағат, Ақниет елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
— Бүгінде елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі тыңғылықты атқарылып келеді. Ауыз сумен қамту – басты мақсатымыз! Уәде бойынша Береке елді мекеніндегі су құбырларының жүйесіне су жіберілді. Ауыл тұрғындарының үйлеріне баратын су маңызды әлеуметтік мәселе, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелі әрі белгілі бір мерзімді қажет етеді. Тұрғындардың денсаулығының мықты болуы және басқа да дүниелер осы мәселемен тікелей байланысты болғандықтан жұмыстың сапасына аса мән берілуі қажет,- деді аудан басшысы.
Ақниет елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жауапты мердігер мекеме «Универсал Строй Сервис» ЖШС тарапынан жүргізілген. Нысанның ауыз суға қосылу көзі –Ақниет елді мекенінде ауыз су жүйесінің су жинау қоймасы. Ал, Қанағат елді мекенін ауыз су құрылыс жұмыстары «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізіліп, ауыз суға қосылу көзі – Ақниет елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің су жинау қоймасы болып келеді. Аталған елді мекендерін ауыз су жүйесінің су құбыры және ішкі су құбыры желілерінің қосу жұмыстары жүргізіліп, іске қосу барысында бірнеше кемшіліктер орын алған. Кемшіліктер «Универсал Строй Сервис» ЖШС тарапынан келісім шартта көрсетілген кепілдік мерзіміне сәйкес түзетілуде. Бүгінгі таңда, елді мекеннің ішкі жүйелеріне су жіберіліп, жүйедегі ақаулықтар ретке келтіруде. Алдағы уақытта тиісті тексеру жұмыстарын аяқтап, жүйеге су жіберу жоспарлануда.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен және елді мекен тұрғындарымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Кездесу барысында аудан басшысы тұрғындардың сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары 90-95% орындалған. Елді мекенге баратын магистралды су құбыры мен елді мекеннің ішкі көшелерінің су құбырларына тексеру, қысымдау жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
Аудан әкімі құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын жандандыруды және қарқынын күшейтуді, құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысына бақылау жұмыстарнын күшейту қажет екенін ескертті.
Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Бүгінде мұнда ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан су айдау насос стансасының су құбырларын ауыстыру жұмыстарын саралады.
Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан ауыз су мұнарасынан 1-ші көтеру, 2-ші көтеру сорғы станциясы аралығындағы Ду 220 мм магистралды су құбырында 20 метрлік ақау шығып, су беруші «Сарыағаш — Тұрмыс» МКК тарапынан ақаулары ретке келтірілді. Бүгінде Қабланбек, Ташқұлақ, Зах елді мекендеріне кестеге сәйкес су берілуде. Одан бөлек, Ташқұлақ ауыз су мұнарасының фильтрлерін ауыстыруға бюджеттік өтінім беріліп 14 млн теңге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта, су тазалау фильтр қондырғыларын орнату жоспарлануда.