ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАРДЫ МЕРЗІМІНЕН КЕШІКТІРМЕУДІ ЕСКЕРТТІ

0
57

Еліміз бойынша бірнеше миллион білім алушылардың жаңа оқу жылының басталуына да аздаған күндер қалды. Оқу жылы аяқталып каникул басталысымен-ақ, барлық жерлерде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қолға алынады. Түркістан облысында халық саны көп болғандықтан, мұнда мектеп жасындағы балалардың саны да басқа өңірлерден көп. Сондықтан да облыс аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі болып саналады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды білім саласындағы осы дайындық жұмыстарын басынан бастап өз бақылауында ұстап, жасалынып жатқан жұмыстарды бақылап, кем-кетіктерді дер кезінде жөндеп, жаңа оқу жылын толы дайындықпен бастау қажеттігін тапсырып отыр.
Облыс әкімінің білім саласына байланысты алға қойған мінддеттерін орындау үшін аймақтардың басышлары өз аумағындағы жаңа оқу жылына дайындықты назарында ұстап, үнемі қадағалауда. Солардың бірі — Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын көріп, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық білім басқармасы арқылы қаржы қаралып, мердігерлер анықталған. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып, кезең-кезеңімен іске асып келеді.
Аудан басшысы алдымен Темір ауыл округіндегі Темір жалпы білім беретін мектебінде болып, жұмысшылармен кездесті. Мектептің қабырғаларын жөндеу, сырлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінде жөндеу жұмыстары қарқын алып, тиісті жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнан соң Қоғам ауыл округіндегі С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің жөндеу жұмыстарының барысын көрген аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдеріне жоспарлы жұмыстарды мерзімінен кешіктірмеу туралы ескертті.
Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына мектептердің жаңа оқу жылына дайын болуы керектігін айтып, жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.