НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Бірінші мәселе ауданда жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бойынша «ЫРЫС» МҚҰ төраға орынбасары Б.Бекбенбетовтың баяндамасы тыңдалды.
Екінші мәселе аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту бағытында атқарылып жатқан жайлы ауданның мансап орталығының басшысы А.Ауезова баяндап өтті.
Келесі кезекте, ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласындағы негізгі индикаторларды орындау туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов хабарлама жасады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев айтылған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бойынша жұмыстарды үйлестіруді, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету бойынша ұлттық жобалардың нәтижелі жүзеге асырылуы бойынша ауданның әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық және ауданның мансап орталығына, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Дарбаза елді мекенінің көшелерінде бастау алған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жол жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Келесі кезекте , аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекеме өкілімен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Қазіргі таңда, ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстары тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мекемемен ауылдық округ әкіміне жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарының саны артуын және үй шаруашылығында ауыз судың пайдалану көлемін көтеру мақсатында су дебитін көбейту үшін қосымша су көздерін қосу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXI сессия отырысына қатысты. Кезектен тыс сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Сессияны аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.
Сессия отырысында кезектен тыс сессия шақыруға негіз болған аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №13-99-VIII «2024-2026 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері талқыланды.
Сессия соңында күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар беріліп, аудан басшысы өз бақылауында болатынын атап өтті.