Бос жұмыс орындарына жәрмеңке болып өтті

Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына жәрмеңке болып өтті.
Аталған шараға аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрбек Әшіров, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Санжар Тұрметов қатысып, жұмыссыз жүрген азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасып кетуілеріне сәттілік тіледі.
Жәрмеңкеде 112 мекемеден 327 тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылған, жыл басынан бері 1368 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. 2024 жылы аудан бойынша 2122 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған болса, жыл соңына дейін халықты жұмыспен қамту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.
“Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған” тұжырымдамасы аясында 2024 жылдың маусымға дейін, жобадағы бағдарламар бойынша 6368 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 3557 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы 56% құрап отыр. Оның ішінде, санаттары бойынша бөлінісі: жұмыссыздар — 1011, өзін өзі қамтығындар — 1017, жұмыс іздеушілер — 970, 160 азамат композиттік қызметке тіркелді (композиттік қызмет жоспары — 220).