КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕНТІП АЙМАҚ ДАМУЫНА ҮЛЕСІН ҚОСУДА

Мемлекет басшысы аймақтардың экономикасын қарқынды дамыту үшін өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің қанат жаюына жан-жақты қолдау жасау қажеттігін айтқан еді. Соған орай Түркістан облысында кәсібін ашып бизнеспен айналысуға тілек білдірген жандарға әрдайым қолдау көресетіп келеді. Себебі әр қазақстандықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарған сайын өңірдің және мемлекеттің экономикалық қуаты арта түседі. Бүгінде Түркістан облысының тұрғындары арасында өз кәсібін бастап, кеңейтіп жатқан азаматтар аз емес.
Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна пластик құбырларын өндіруде. Бүгінде түлкібастық құбырлар облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде сұранысқа ие.
Кооператив директоры Әбдіхалық Саитов алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, түрлі диаметрдегі құбырлар өндіретін өндіріс орны алдағы уақытта тамшылатып суғару жүйесіне арналған құрылғыл бөлшектерін де өндіруге ниетті. Айта кетейік, бүгінгі таңда өндіріс орнында екі ауысыммен 20 адам жұмыс істейді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өндіріс ошақтарын ашып, аймақтың әлеуметтік-экономикасының дамуына қарқын беру, сол арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттыру тапсырмасына сәйкес Түлкібас ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Соның бірі, Мичурин ауылдық округіндегі «Түлкібас жеміс-жидектері» ауылшаруашылығы өндірістік коперативі биылғы жылы аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен 1 млрд. 1 жүз млн. теңгеге жеміс-жидекті өңдеу жобасын іске асыруда.
Таяуда аталған нысанға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы табан тіреп, нысанның құрылыс барысын бақылап, ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан кәсіпкер Бейбіт Төлешовпен сұқбаттасты. Мемлекет тарапынан қандай да бір көмек қажет болған жағдайда Заң талаптарына сай қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, кәсіпкерге сәттілік тіледі.
Жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайтын кәсіпкерлік нысанның іске қосылуына жоспарланған 1 млрд. 100 млн. теңге қаржының 122 млн. теңгесі кәсіпкердің өз қаржысы, 350 млн.теңгесі мемлекеттік қайтарымсыз грант есебінен, қалғаны жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылуда.
Бұл жерде маусымында 3 мың тонна алмадан 0,2 литрлік 16 млн. 300 мың дана дайын ыдыстағы шырын, 90 тонна кептірілген жеміс, 100 тонна кептірілген алма ұнтағын және 50 тонна балар тағамын(пюре) өндіру жоспарлануда.
Кәсіпкер шикі затты да өзі өндірмек. Яғни, өзінің 360 гектар алма бауынан шыққан өнімінің сақтауға жарамай қалған бөлігін осы өндіріске жібермек.
Қазіргі таңда негізгі нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Алдағы күндері шатырын жабу және іші, сыртын әрлеу жұмыстары атқарылмақ. Бұл жұмыстар аяқталғаннан соң Қытай елінен қажетті құрылғылар алынып, оны орнату жұмыстары атқарылатын болады.
Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Ал, Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахылбеков Құдабек Жамбылұлы 0,50 га үй іргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен.
Өңірдің топырақтық-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы болғандықтан, елді мекен тұрғындары үй іргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуде.
Таңқурайдың «Атлант» түрінің ерекшелігі: жемістері ірі әрі жоғары сортты өнім береді. Салмағы бес грамнан сәл асатын ірі, тығыз жидектермен ерекшеленеді, бұтақтарда ұзақ уақыт бойы бұзылмай тұрады. Олардың тәтті және қышқыл дәмі, нәзік, шырынды целлюлозасы бар, жаңа піскенде жеуге, сондай-ақ өңдеуге және мұздатуға жарамды.
Жеке шағын кәсібін қолға алған азаматтар маңдай терімен өз ауласына егіп, күтіп, баптап өсірген жидектерін елдімекендегі сауда орындарына өткізуде. Бұған қоса, тосаптар, мармелад пен табиғи шырындар дайындайды. Арнайы кондитерлік өнім дайындайтын кәсіпкерлерге өткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исін бағалайтындар кәсіпкер үйін арнайы іздеп келіп, алқаптан таңқурайды теріп алады. Піскен таңқурайдың теруге көршілері, округ тұрғындары да көмек беруде. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» демекші осылайша талай түркістандық азаматтар өз еңбектерімен нәсібін тауып қана қоймай Ел дамуына да шама-шарқынша үлестерін қосуда.