БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды болуы үшін аудан бюджетін дұрыс жоспарлап, қажетті өзгерістерді дер кезінде енгізіп отыру қажет. Бюджет қаржысын тиімді жұмсау мен дұрыс жоспарлау көптеген нәтижелерге жеткізетіні белгілі. Сонда аудан экономикасынның деңгейі көтеріліп, басты бағыттар бойынша тиісті жетістіктерге қол жеткізіледі.
Таяуда сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессия жұмысын «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов жүргізіп отырды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, кезекті сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9-64/VIII «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-78/VIII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Басқосу барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева аталған тақырып аясында баяндама жасап, жауапты мекеме басшыларының сауалдарына тиісті жауаптар берді.
Сессия соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын-ала талқыланып, сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Сондай-ақ, аудан әкімі тиісті сала басшыларымен бірге Ақсукент ауылындағы Абылайхан көшесінің бойындағы инфрақұрылым және абаттандыру құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
Бүгінде «Технический надзор» ЖШС техникалық қадағалауындағы «Сақ-Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан нысанда бұзу, тегістеу, даярлау (демонтаж) жұмыстары толық аяқталып, абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының барысын жіті саралап, жауапты мердігер мекеме басшысына нысанды сапалы әрі уақтылы тапсыруды жүктеді. Сондай-ақ, атқарылатын жұмыстарды бақылауға алатынын айтты
