ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ ЖАҒЫНАН ҚАТАР ДАМУ ҚАЖЕТ

0
76

Мемлекеттің жан-жақты дамып, бәсекеге қабілетті елдердің көшіне ілесуі үшін индустирялды-экономикалық, цифрлық дамумен бірге сол елдің азаматтарының мәдени-рухани өресінің биік болуы да үлкен рөл ойнайтыны белгілі. Сондықтан өңірлердің экономикалық қуатын арттырумен қатар тұрғындардың рухани жағынан жетілуінің де маңызы бар. Сол себепті бүкіл еліміз сияқты Түркістан облысында да халықтың рухани-мәдени санасының өсіне барлық жағдай жасалуы керек. Сонда азаматтардың техникалық білімділігі мен қоса отаншылдық қасиеттерінің биіктігі, олардың отаншылдығын арттырып, туған елін дамытуға деген белсенділігін, жасампаздығын ұлғайтады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде өткен басқосуға ел ағалары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары, спорт ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, этнографтар, ақын-жазушылар, дінтанушылар және БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен сөз алған облыс әкімінің орынбасары көпшілікке алғысын жеткізді.
– Өңіріміздің мәдени-рухани өмірінде өзіндік орны бар қаламгерлерді, зиялы қауым өкілдерін осында жинап отырмыз. Бұл жай кездесу емес, сіздерді қызықтырған және маңызды деп танылған тақырыптар талқыға түсетін кездесу. Алдағы уақытта қолдауларыңызбен жастарға бірлесе тәрбие беру. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуымен бірге руханият саласын да дамытуды тапсырды. Бұл ретте сіздердің де ұсыныстарыңыз біз үшін өте маңызды. Жалпы мәдениет, жастар мен дін саласы қарқынды дамып жатыр. Облыс құрылғалы көп серпіліс болды. Индустриялық тұрғыдан ғана емес, руханият жағынан да қатар дамуымыз керек, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Кездесуді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев жүргізіп отырды. Басқосудың мақсаты – зиялы қауым деп танылған өнегелі азаматтармен дидарласа отырып, облыстың идеологиялық саладағы даму деңгейін айқындайтын ой-пікірлер мен ұсыныстарды тыңдау.
Жиын барысында зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту жөніндегі преспективалары жайлы, өңірдің рухани әлеуетін ілгерілету жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Еліміздің, өлкеміздің ықлым заманнан бері өркениет орталығы болып, ғасырлар бойы ұлтымыздың дамуына серпін беріп келе жатқан тарихи, мәдени рухани байлықтарын жеткіншектеріміздің бойына сапалы білім мен саналы тәрбиеге қоса сіңіру, азамататрымыздың рухани жігерін жанитын шараларды жиі ұйымдастыру арқылы патриоттығын көтеру олардың әрбір ісінде ел дамуына жанашырлығын оятып, туған жерді түлетуге, әлемнің озық технологияларын игеріп, өз ісінде пайдалануына әсер етеді. Сонды ғана еліміз рухи биік, техникалық сауаттылығы жоғары азаматардың еңбегінің арқасында белсенді дамушы елдердің сапына қосылатын болады.
Рухани бағытта өткен кездесуде жұмысты бірлесе атқаруға келісіп, ынтымақта тарқасты.