ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

0
56

Өңірлердің қуатты болуының бір басы ондағы автокөлік жолдарының жағдайына да байланысты. Ауылдық жерлердің инфрақұрылымдарын жақсартуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Соның бірі ауылдардағы елдімекендер арасы мен ауылішілік автожолдар. Сарыағаш ауданында да автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына бақылау жасалуда.
Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған жолға арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарымен танысты.
Жоспар бойынша А-15 автомобиль жолының 197-220 шақырымдары аралығында жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын арақашықта асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Аудан басшысы нысанды аралау барысында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекемесіне және тиісті бөлім басшысына жолдың сапасын жөндеу біткен соң емес қазірден қадағалап, кемшіліктерді алдын ала анықтап, жою керектігін ескертті.
«Ауыл — Ел бесігі» жобасының басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Тегісшіл, Таскесекен, Мадениет елді мекені 36 көшенің 29,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған бағдарламаның аясында жүрігізіліп жатқан жұмыстарды саралау мақсатында Тегісшіл ауылдық округіне арнайы барып, Мәдениет елді мекенінің көшелерінің жол сапасын бақылап қайтты.
Қазіргі таңда, Мәдениет елді мекеніндегі ұзындығы 6,7 шақырым атап айтсақ: Сарсенбай ата, Желтоқсан, Қызылқия, Қ.Төреқұлов, О.Исабаев, Қоңыратбай ата көшелерінде мердігер тарапынан тас төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт жамылғысы төселуде.
— Аудан аумағында ағымдағы жол жөндеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылып жатыр. Сондықтан жол жөндеу жұмыстарының сапалы жүзеге асырылуын жіті бақылап, техникалық талаптарға сай қабылдап алу қажет,- деді аудан басшысы.
Дарбаза ауылдық округ аумағын аралаған аудан әкімі Арман Абдуллаев келесі кезекте Қ.Сәтбаев көшесіне тас төсеу жұмыстарын саралады. Жалпы ұзындығы 1700 метрге тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, «Алаш Строй» ЖШС-і тарапынан жүргізілген.
Жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жол жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес мерзімінде, сапалы аяқтауды, ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Доспуловқа жұмыс барысына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Тегісшіл елді мекенінде шағал төсеу жұмыстарын пысықтау үшін техникалық қадағалаушы мекеменің өкілімен кездесіп, атқарылған жұмыстарды сынға алып, бірқатар ескертулер атап өтті.
Келесі кезекте аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне барып, Еңкес елді мекенінің тұрғындарымен және жол жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесті. Кездесу барысында жол жөндеу жұмыстарының атқарылуына, сапасына және мерзіміне байланысты мәселелер пысықталды.