МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
62

Билік пен халықтың арасында тығыз байланыстың, түсіністіктің болуы ел экономикасының дамуының бір кепілі. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет етуші ретінде, әрі «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұрғысынан да тұр,ындардың өтініш-тілектеріне құлақ асуы, олардың ұсыныстарымен талап-тілегін тыңдап қана қоймай, заң аясында жүзеге асыруы міндетті. Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнамаға сәйкес, тұрғындардың жергілікті билік өкілінің қабылдауына келуіне толық жағдай жасалынуы қажет. Әсіресе, қызмет алушыларға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік мекемеге кіріп-шығуы ретке келтіріліп, көрсетілетін қызмет пен оны алу жолдары жайында көрнекі ақпараттар мен түсіндірулер тақтасы, келушілердің өз-өзіне қызмет көрсетуіне арналған бұрыш талапқа сай болуы қажет.
Биылғы жылдың 4 маусымында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қоғамдық бақылау жүргізді.
Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер қаралды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы ақпараттық стендтегі нормативтік құқықтық актілерді жаңарту қажеттігі ұсыныс ретінде айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлуді, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері «Жаңа ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шақыру батырмасы қойылмағандығы, ақпараттық стендте Жаңа ауыл әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы мәлімет толық еместігі, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы интернетке жалғанбағандығы анықталып, ретке келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, мұнда да мемлекеттік қызметтер көрсету саласында азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарап, олардың өтінімінде талап етілген қызметтерді сапалы әр дер кезінде орындаудың міндеттілігі ескертілді.
Аудан әкімдігі тарапынан алдағы уақытта аудандағы мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.