ДІНИ СЕМИНАРДА НАҚТЫ ШАРАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

0
58

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялағалы отыз үш жылға жуықтады. Осы мерзім ішінде жас мемлекетіміздің іргетасын бекіту үшін көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Саяси-қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік-экономикалық дамуды, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуды реттеу бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекет көп салада дамып, ондаған этностар мекендеген елімізде ұлтаралық түсіністік, қоғамдық қатынастарда ынтымақ қалыптасты. Дегенмен, әлемдегі көптеген мемлекеттердегі саяси-қоғамдық қатынастар діни мәселелерден туындап, әлеуметтік мәселелермен астасып мемлекеттің тұғырын шайқалтып жатқанын да көріп жүрміз. Сондықтан қоғамдық қатынастарында ынтымақ пен түсіністік болып, саяси-экономикалық салалары қатар дамыған мемлекеттерде әлеуметтік, рухани салалар да дұрыс дамуға бағыт алатыны анықталды. Сол себепті де біздің елімізде әсіресе, халықтың діни сауаттылығына ерекше назар аударылуда. Өйткені ресейлік, кеңестік кезеңдерде дәстүрлі діндерге қысым болып, олардың қалыпты жағдайын жойып, тиым да салынды. Соның кесірінен халық ата-баба дінінен қол үзіп, басым бөлігі атеистік бағытта тәрбиеленді.
Егемендігімізді жариялап, демократиялық талаптарға сай, сөз, дін, саяси еркіндіктерге жол берілгенде еліміздің аумағына нешетүрлі әлем елдерінде тиым салынған қоғамдық, діни, саяси ұйымдар қаптап келе бастады. Мемлекет тарапынан оларды реттеуге күш салынып жатқанымен, тәжірибесіздіктен біраз олқылықтар да орын алды. Арада онжылдықтар өткенде елімізде діни сауатты, оны ғылыми жіктеп талдап беретін мамандар қалыптасты. Дінтанушы-теологтар бүгінде халықтың діни сауаттылығын қалыптастыруда, дәстүрлі діндер мен жолдан қосылған әсіредіншілдікті насихаттаушы сектеалардың жігін ашып беруде үлкен жұмыс атқаруда. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы дәстүрлі діндерді ұстанып, соларды насихаттап, бөгде. Бұра тартушы діндерден халықты сақтандырып келеді. Ал діни ғалымдар мен дін зерттеушілері болса әсіредіни көзқарастары бар топтарды әшкерелеп, жұртшылықтың одан бойын аулақ салуына көмектесуде. Дінбұзарлар да қарап отырмай аярлығын, қулығын жетілдіріп жатқандықтан теолог-дін танушылар да оған қарсы білімдерін жетілдіріп, дәйекті түрде қарсы тұруға дайын болу үшін ізденуде.
Күні кеше Түркістанда дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеруге бағытталған семинар өткізілді. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізеді. Шараға қала, аудан ішкі саясат бөлімдерінің дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Түркістан облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйымдастырған семинарда қазіргі қоғамның діни саласында кездесетін негізгі проблемалар мен міндеттері терең және жан-жақты қарастырылды. Халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыруға, діни ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, сондай-ақ радикалды идеялардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған нақты шаралар ұсынылды.
Аталмыш семинарға спикер ретінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Нұржан Стамбакиев, Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Сәкен Алдашбаев, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының Шымкент қаласы бойынша басшысы Дәлелхан Оспанов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» факультетінің декан орынбасары, психолог Динара Жарқынбаева шақырылған.
Семинарда дін саласындағы көптеген мәселелерді қаузап, діни экстремизм мен теріс бағыттардан халықты сақтандыру, дұрыс дінді насихаттау жайы қарастырылды.