ҚОС ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 31 АЛТЫН МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

0
97

Мемлекеттің болашағы мен бүгіні үшін азаматтарының денсаулығы мықты болуы маңызды. Ол үшін денешынықтыру мен спорттың бұқаралық сипат алуын қамтамасыз ету арқылы дені сау азаматтар мен жас ұрпақты өсіруге болады. Түркістан облысында Ел басшысының халықтың отыз пайыздан астамының бұқаралық спортпен айналысып, денсаулығын нығайтып, белсенді де салалауатты өмір сүруін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жасалуда. Соның арқасында кейбір спорт түрлері облыстың аудандарында бұқаралық сипат алып, оның тұрғындары арасынан республиканың ғана емес халықаралық және әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мыңдап шығуда. Сондай аудандардың бірі – Шардара ауданы.
2024 жылы тамыз айының 15-24 күндері аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 61 мемлекеттен 1500-ден аса спортшылар қатысқан Әлемдік додада жерлестеріміз жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ересектер арасында 20 алтын алқаны қанжығаларына байлап, дүниежүзінің алдында Әнұранымызды 20 рет шырқатты. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:
Жеткіншектер арасында Әлем чемпиондары:
1. Алдан Нұрсұлтан
2. Қали Текжігіт
3. Анвар Эльдар
4. Серік Ерсұлтан
5. Закирова Назым
Жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары:
1. Есен Мейрамбек
2. Маманияз Жасурбек
3. Мелдебек Болат
4. Ибрагим Әділет
5. Оралбай Ұлжан
6. Абдулла Аружан
7. Оразхан Ырысты
Жастар арасында Әлем чемпиондары:
1. Мухамбетов Ердаулет
2. Қали Қасымжомарт
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Әлем чемпионы:
1. Құралбаев Ұлықбек
Ересектер арасында Әлем чемпиондары:
1. Нұрмахан Ердәулет
2. Зәрубек Санжар
3. Ерсайын Мейрамбек
4. Айдархан Нұрдаулет
5. Құттымұратов Медет
Бұдан бөлек жерлестеріміз 16 күміс және 4 қола медальға қол жеткізіп, Әлемдегі теңдессіз клуб екенін тағы да дәлелдеді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 52 алтын медальмен 1-орынға жайғасты.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы (ересектер арасында) жеңіп алған 8 алтынның 6 алтын медалін «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қанжығасына байлап, ерлер арасында жалпы есепте 1-орынды иеленді.
Ал, тамыз айының 20-25 күндері Қырғызстан елінің Шолпан-Ата қаласында гір көтеру спортынан жеткіншектер, жасөспірім және жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Шардара ауданының спортшылары 11 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдені иеленді.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:
Серпе көтеруден:
Жеткіншектер арасында Әлем чемпионы
1. Жансанбай Нұрқанат
Жастар арасында Әлем чемпиондары
1. Байдуллаев Бағжан
2. Қуаныш Ерасыл
3. Серикбай Нұрбала
Жұлқа көтеруден:
Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы
1. Данышхан Айдар
Жастар арасында Әлем чемпиондары
1. Шинтанов Бақдаулет
2. Тұрғанбай Нұрбатыр
Ұзын циклда көтеруден:
Жастар арасында Әлем чемпиондары
1. Қуаныш Ерасыл
2. Шинтанов Бақдаулет
3. Ауесбек Медет
4. Серикбай Ажар