ТҰЛҒАНЫ ҒАНА ЕМЕС МҰРАСЫН ДА НАСИХАТТАУДЫ ҰСЫНДЫ — 2

0
57

Ясауи кесенесінің буферлік аймағында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының 2-ші фазасы баяндалды. Жұмыстар алдын ала ЮНЕСКО-мен келісілуі қажет болатын, алайда бұл процедура жүргізілмеген. Ғалымдардан тұратын жұмысшы тобын құруды тапсырды.
Бүгінде көпшілік киелі жерлерді діни орын ғана деп санайды. Тек құран оқытып, ұлттық құндылықтармен таныспайды. Кесенедегі шырағдан, оның тарихы сияқты ақпаратты әрбір адам білу керек. Гид мәселесін реттеуді және танымдық дүниелерді күшейтуді, сонымен қатар қысқа бейнероликтер жасауды тапсырды.
2023 жылдың нәтижесі бойынша ғылыми ұйымдар (Су қауіпсіздігі институты, Ботаника және фитоинтродукция институты) кесененің айналысында отырғызылған жасыл газондар мен ағаштарды суарудың мөлшері жоғары екенін көрсеткен болатын. Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов осыған қатысты баяндама жасап, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Маңызды мәселеге ғылыми-зерттеу институттарының берген нәтижелерен қарап, барынша шаралар қабылданатынын атап өтті. Ал «Қазқайтажаңарту» мекемесінің бас директоры Алмас Әбдібаев кесенеде жүргізіліп жатқан және жоспарланған ғылыми-зерттеу, ғылыми-реставрациялау жұмыстарына тоқталды.

Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы болып табылатын Қылует жер асты мешіті де өзекті. Түрік әріптестер объектінің түркі халқына ортақтығын алға тартып, оны музейлендіру бойынша жобаларын ұсынған болатын. Музейлендіру ғылыми, салалық тұрғыдан негізделген жоба болады деп күтілуде. Осы орайда, түріктің «TIKA» компаниясы әзірлеген жоба бойынша Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғалымдар жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраев пікір білдірді.

(жалғасы бар)