ТҰЛҒАНЫ ҒАНА ЕМЕС МҰРАСЫН ДА НАСИХАТТАУДЫ ҰСЫНДЫ- 3

0
60

Музейлендіру бойынша объектіні басқарып отырған Ұлттық «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Маулен Садықбеков өз кезегінде бірқатар ұсыныстар жасады.
Министр жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне соғып, сондағы реставрациялық жұмыстармен танысты. Бұдан соң Мониторинг орталығына соғып, жұмыс барысына баға берді. Содан соң «Сапар» орталығына барып, мән-жайды бақылады. Тиісті мамандарға тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, жоспарлы түрде жұмыс кестесін құруды тапсырды. Бірқатар міндеттер жүктеді.
Сонымен қатар, Аида Балаева Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығында болып, бірегей тарихи ескерткішті сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған археологиялық қазбалармен және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі әрбір маңызды нысандарға қажетінше қолдау мен назар аударуды қамтамасыз ете отырып, елдің мәдени мұрасын сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.